Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс қазақстандықтардың дербес деректерін қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс депутаттары бүгін жалпы отырыста ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырыстары мәселелері және Кипрмен жасалған шарттар бойынша ратификациялық заң жобалары бойынша түзетулер қабылданды. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түзетулер жөнінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, заң жобасын әзірлеушілердің бірі Екатерина Смышляева баяндама жасады. Депутаттар бұл саладағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатыменаталған заң жобасына бастамашы болды. Баяндамашының айтуынша, жоба ақпаратты, соның ішінде жеке деректерді қорғаудың құқықтық базасын құру жұмысының жалғасы және ол үш блоктан тұрады. Бірінші блок жеке деректерді қорғаудың қосымша шараларына арналған. – Заң жобасы олардың айналымы мен сақталуы саласында мемлекеттік бақылауды енгізеді. Сонымен қатар бұл операторлармен профилактикалық жұмысты жолға қоюға мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысы жеке деректердің жарияланып кетуі туралы ақпарат анықталған сәттен бастап 3 күн ішінде реттеушіге хабарлауы керек, – деді Екатерина Смышляева. Екінші блокта «ақ хакерлер» институтын және бак-баунти платформасының қазақстандық аналогының жұмысын құқықтық реттеу ұсынылады. – Бұл шара ақпараттық жүйедегі қателіктер мен осалдықтарды анықтау үшін ақпараттық жүйе саласындағы білікті мамандарды тартуға ықпал етеді. Басқарылатын хакерлік бұзу тапсырыс иелерінен келеді, қатынастар арнайы платформалар арқылы ресми түрде жасалады. Барлық жұмыс заң шеңберінде жүргізіледі. Әлемде мұндай платформалар ақпараттық қауіпсіздік бойынша үздік мамандарды тартады, – деді Е. Смышляева. Жобаның үшінші блогы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметі жанынан Мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға арналған. Сонымен қатар мемлекеттік техникалық қызмет базасында бағдарламалық қамтамасыз етудің бастапқы кодтарының репозиторийі құрылатын болады. Осылайша, ұсынылып отырған шаралар кешені мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін күшейтеді. Жалпы электрондық үкіметтің тұрақтылығын арттырады. Нәтижесінде мәжілісмендер заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылымға дайындау барысында жұмыс тобы талқылауды одан әрі жалғастырады. Бұдан бөлек депутаттар мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы мәселелері бойынша депутаттар бастамашы болған түзетулерді де қабылдап, Сенатқа жолдады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның айтуынша, жоба соңғы төрт жылда құқық қолдану тәжірибесінде анықталған қолданыстағы заңнама проблемаларын шешуге бағытталған. Депутат оның негізгі тармақтарына тоқталды. – Уәкілетті органға, яғни Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту функциясын беру ұсынылады. Ең алдымен, бұл құжат жарамдылық мерзімі өткен оқ-дәрілерді кәдеге жаратумен айналысатын «Қазтехнология»қазақстандық мамандандырылған ұйымының қызметі үшін қажет, – деді А.Құспан. Бұдан бөлек, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді жеңілдету және жеделдету, қосалқы бөлшектерді мемлекеттік сатып алу тәртібімен алу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ал маңызды құрамдас бөліктер мен жинақтарды сатып алуға байланысты орташа және күрделі жөндеуӨнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құзырында қалады. Ал мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша келісімді орындау шарттары тосын жағдайларда өзгертілуі мүмкін. Мәжіліс Қазақстан мен Кипр арасындағы ұстап беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарды ратификациялады. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев заң жобаларының нормаларымен таныстырды. – Ұстап беру туралы шарт қылмыстық қудалаудан және сот үкімін орындаудан жасырынып жүрген адамдарды қайтару мәселесін реттеп, ұстап беру тәртібін бекітеді. Бұл шарт өзара құқықтық көмек көрсету негіздері мен тәртібін, оларды жүзеге асыру жолдарын бекітеді, Кипр мемлекетінен алынған айғақтардың заңдылығын қамтамасыз етеді, – деді Ә.Шындалиев. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Наталья Дементьева мен Бақытжан Базарбек қосымша баяндамаларында атап өткендей, келісімдерді жүзеге асыру екі елдің қылмыспен күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады. Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдарға әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 19 депутаттық сауал жолдады. Олар parlam.kz сайты мен Мәжілістің Telegram-арнасында.