Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдап, ЕАЭО шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялады. Сонымен қатар палата комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына депутаттар бастамашы болды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Данабек Исабековтің айтуынша, түзетулер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын жетілдіруге бағытталған. – Заң жобасында мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қолжетімділігі бар мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіру қарастырылған. Қылмыстық кодекске және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл түзетулер Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің құқық бұзушылықтарының алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған, – деді Д.Исабеков. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұғымынан қызмет бағыттарына нұсқауларды алып тастау көзделген. Бұл бірыңғай провайдер арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайту бойынша үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Екатерина Смышляева бұл ретте корпорация фронт-офистердің жұмысы және қосымша сервистерді іске асыру бөлігінде мемлекеттік қызметтердің жалғыз операторы мәртебесінен айырылатынын атап өтті. Мемлекеттік корпорацияға Е-Өтініш ақпараттық жүйесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру көзделіп отыр. Бұл норма азаматтарға әкімшілік органдарға жүгінуге, жауап алуға, өтініштерді қарау сапасын бақылауға мүмкіндік беретін пилоттық режимде тексерілген жүйені («Е-өтініш») пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұдан бөлек депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялап, Сенатқа жолдады. Келісімге 2022 жылы сәуірде Мәскеуде қол қойылған. Заң жобасы туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. – Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын құруға бағытталған және мүше елдерде аудиторлық қызметті жүзеге асыру мен реттеудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді, – Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Татьяна Савельева қосымша баяндамасында. Бұл құжат нормалары ұйымдық мәселелерді реттейтін баптар мен аудит саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы қосымша келісім күшіне енгеннен кейін толық көлемде жұмыс істейтін болады. Cондай-ақ Мәжіліс Бюджет кодексі мен бюджет заңнамасын жетiлдiру және «Концессиялар туралы», кейбір заңнамалық актілерді Конституция нормаларына сәйкес келтіру, білім беру және бала құқықтарын қорғау туралы заң жобаларын жұмысқа алады. Отырыс соңында мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдарға әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша бірқатар депутаттық сауал жолдады. Олар parlam.kz ресми сайты мен Мәжілістің Telegram-каналына жарияланған.