Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ҮКІМЕТ САҒАТЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АЖАР ҒИНИЯТ.

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title


Мәжілістегі Үкімет сағатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мәселелері көтерілді

Мәжілісте өткен Үкімет сағаты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (әрі қарай – М?МС) проблемалар мен оның даму болашағына арналды. Жиынға вице-спикерДания Еспаева төрағалығық етті, жүйеніңбүгінгі жағдайы мен нәтижелері туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Үкімет сағатына дайындық барысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесіндегі проблемаларды жан-жақты зерттеді. Мәжілісмендер Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының бірқатар медициналық ұйымында болды. Мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелердің өкілдерімен кеңес өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдап қайтты. Талдау нәтижесі барлық өңір бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі бірқатар проблема мен денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді көрсетті. – Бұл – ең алдымен, медициналық қызметтерді қаржыландырудағы теңгерімсіздік. Өкінішке қарай МӘМС моделінің өзі туралы нақты түсінік мүлде жоқ. Бастапқыда белгіленген параметрлерден ауытқу, республикалық бюджеттен қаржыландырудың жеткіліксіздігі, халықтың азқамтылуы сақтандырудың тұрғындар үшін тартымсыз болып қалуына әкеп соқты. Бүгінде осы жүйеден бас тарту туралы шағым көп. Медициналық көмектің сапасынан бұрын, біз қазіргі уақытта оның қарапайым қолжетімділігіне з?ру болып қалдық. Науқастардың тар бейінді дәрігерлердің қабылдауын, ультрадыбыстық немесе компьютерлік томографияны бірнеше ай күтуі де жиілеп барады, – деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов. Сондай-ақ ол медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген түйткіл барын, медициналық қызметтер тарифтері ауруханалар мен емханалардың нақты шығындарына сәйкес келмейтінін атап өтті. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1 триллионнан 2,5 триллион теңгеге дейін ұлғайғанын мәлімдеді. – Жалпы ішкі өнім көлеміндегі денсаулық сақтау саласына арналған шығыстардың үлесі 2019 жылғы 2,8 пайыздан 2022 жылы 3,7 пайызға дейін өсті. Мемлекет басшысы бұл көрсеткішті 2027 жылға қарай 5 пайызға ұлғайту мақсатын қойды. Көріп отырғанымыздай, денсаулық сақтау саласына шығыстарды ұлғайту және медициналық көмектің сапасы, қолжетімділігі, өмір сүру ұзақтығы арасында тікелей байланыс бар, – деді министр. Сонымен қатар Ажар Ғиният былтыр Қазақстанда денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығыстар жалпы ішкі өнімнің 3,7 пайызын құрағанда өмір сүру ұзақтығы 74 жыл болғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылдан бастап жүйе жұмыс істеген уақыт ішінде қазақстандықтардың орташа өмір жасы өсіп, өлім-жітім 6,1 пайызға азайған. Осыған қарамастан медицина саласында дәрігерлердің жұмысын қиындатып, қызмет көрсету сапасына әсер ететін бірқатар мәселе бар.Мысалы, денсаулық сақтау саласының толық цифрланбауы. Асхат Аймағамбетов нысандарды аралау нәтижесінде медициналық ақпараттық жүйелердің өзара интеграцияланбағанын, ондағы мәліметтердің қайталанатынын, интернетке қосылу сапасының төмендігін атап өтті. – Ал егер жалпы денсаулық сақтау саласы туралы айтатын болсақ, жақсы өзгерістер баршылық. Оны біз мойындап, ашық айтуымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті, денсауалық сақтауды жаңғырту бойынша жаңа Ұлттық жоба іске асырылуда, ауруханаларға заманауи медициналық құрылғылар сатып алынуда, – деді Асхат Аймағамбетов. Жиында депутаттар МӘМС жүйесіне қатысты түйткілді мәселелерді айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Асхат Рахымжанов жеке емханаларды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосу арқылы бюрократиямен күресуді, Дәулет Мұқаев дәріханаларға тексеріс жүргізіп, дәрі-дәрмек бағаларын реттеуді, Мұрат Әбенов жүйе аясында ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыруды, Ермұрат Бапи жекешелендірілген ұлттық ғылыми-зерттеу институттарын мемлекет меншігіне қайтаруды ұсынды. Осы және басқа да ұсыныстар жинақталып, Үкіметке жолданатын болады. Үкімет сағатын қорытындылаған Палата төрағасының орынбасары Дания Еспаева тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС пакеттері арасында көрсетілетін қызмет түрлерінің айырмашылықтары белгіленетінін айтты. Сондай-ақ жекелеген қызметтерге қатысты тарифтер қайта қаралып, желілік шкала бойынша шектеулер алынып тасталады. – Келер жылдан бастап денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі өзгереді. Яғни, қаржы ағындары бір пулға біріктіріледі. Ол үшін заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және азаматтардың жеңілдетілген санаты үшін мемлекет жарналарын төлеуге республикалық бюджеттен Қорға нысаналы жарна ұғымы енгізілді. Бұл қаржыландыруды әкімшілендіруді жеңілдетуге және медицина қызметкерлерін артық есептіліктен босатуға жол ашады, – деді вице-спикер. Үкімет сағаты аясында Денсаулық сақтау министрлігі Мәжілісте міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне арналған танымдық көрме ұйымдастырды. Депутаттарға медициналық көліктер, соның ішінде ауыл тұрғындарына қызмет көрсету үшін медицина қызметкерлері пайдаланатын жылжымалы медициналық кешен көрсетілді. Ол түрлі бағыттағы зертханалар мен тексеру кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ мәжілісмендер озық медициналық тәжірибе орталықтарының жұмысымен танысты. Көрмеге медицина ғылымдарының докторы Юрий Пя, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақов, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймаханов, медицина ғылымдарының докторы, академик Диляра Қайдарова қатысты.