Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, онда Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер бірінші оқылымда мақұлданды. Сондай-ақ палата Еуропалық өңірлік комитеттің 73-сессиясын Астанада ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялады. Салық кодексіне енгізілген түзетулер мен оған ілеспе заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Конституциялық Сот шешімдерінің орындалуын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Тәкиев түзетулер халықтың шамадан тыс кредит алу мәселесін шешуге арналғанын атап өтті. Осы мақсатта жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістерді салық салудан босату көзделіп отыр. – Жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістері салық салудан уақытша, яғни үш жылға босатылады. Сондай-ақ негізгі заң жобасы аясында балаларға Ұлттық қордың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату ұсынылды. Ал еліміздің азаматтары мен заңды тұлғалары мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оны кейінге қалдыру тетіктері қарастырылды. Бұдан бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру мақсатымен олардың қатысушыларына салықтық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу ұсынылады, – деді Мәди Тәкиев өз баяндамасында. Сонымен қатар депутат негізгі заң жобасы аясында салықтық әкімшілендіруге қатысты қолданыстағы Салық кодексінің кейбір нормалары нақтыланғанын айтты. Жалпы отырыста Мәжіліс Сенаттың Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заңға енгізген түзетулерімен келісті. Заң Мемлекет басшысының 2024 жылдың 1 қаңтарынан «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу туралы тапсырмасы негізінде әзірленген. Оның аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын мерзімінен бұрын алу құқығынсыз балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына ұстау ұсынылып отыр. Қаржы және бюджет комитеті Сенат енгізген түзетулерді қарап, олар редакциялық, нақтылаушы және құқықтық сипатта болғандықтан заңның тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейтінін атап өтті. Бұдан бөлек депутаттар Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясын Астанада ұйымдастыру туралы Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ратификациялық келісімді қабылдап, Сенатқа жолдады. Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Олардың қатарында трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулер мен бірқатар халықаралық ратификациялық құжат бар. Олар: Қырғызстанмен авиациялық іздестіру-құтқару саласындағы ынтымақтастық пен «Ақ-Тілек» және «Қарасу» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен құру және оның қызметін реттеу туралы келісімдер, сондай-ақ, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызмет көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама. Отырыс соңында мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдарға әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша бірқатар депутаттық сауал жолдады. Олар parlam.kz ресми сайты ме Мәжілістің Telegram-каналында жарияланды.