Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРУ.

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжілісте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулер таныстырылды

Бүгін Мәжілісте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулер таныстырылды. Жиынға Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева жетекшілік етті. Заң жобасы жөнінде баяндама жасаған вице-министр Алма Мұқанова оның негізгі екі бағытты қамтитынын айтты. Біріншісі – «Қоғамдық жұмыстарға тарту» әкімшілік жазасының жаңа түрін регламенттеу және оны орындау тетігін айқындау. – Қазіргі уақытта қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны қолдану қылмыстық заңнама шеңберінде жүзеге асырылуда. Оны қылмыстық құқық бұзушылықтар аясында пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп орындайды. Заң жобасында «Қоғамдық жұмыстарға тарту» түрінде әкімшілік жазаны қолдануды іске асырудың ұқсас тетігі ұсынылады. Алайда жазаның осы түрін орындауды жергілікті атқарушы органдарға бекітуді ұсынамыз, – деді А.Мұқанова. Вице-министрдің айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жазаның бұл түрі 11 бап пен 19 құрам бойынша қолданылады. Бұл ретте әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiмен, оның салдарымен, жасалу мән-жайларымен және кінәлінің жеке ерекшеліктерімен салыстырылатын болады. Сондай-ақ Алма Мұқанова қоғамдық жұмыстардың түрлерін және оларды орындауы тиіс ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайтынын атап өтті. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар сот қаулысы келіп түскен сәттен бастап құқық бұзушыны шақырып, оның жеке деректерін толтырады және оған құқықтары мен міндеттерін, қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібін түсіндіреді. Оларды орындау кезеңі мен кестесін жасап, жазаның орындалуын бақылайды. Тоқсан сайын әкімдіктерге қоғамдық жұмыстардың атқарылғаны туралы есеп береді. Заң жобасының екінші бағыты бойынша әкімшілік-деликттік заңнаманы жетілдіру бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізу көзделген. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісте көлік құралын пайдалануды және басқа да құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды заңнамалық тұрғыда реттеу қажет. Жиынға депутаттармен қатар мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен заңгер ғалымдар қатысты. Баяндама соңында заң жобасының жекелеген нормалары талқыланып, депутаттар оны жалпы жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтты. Қарақат Әбден үшінші топтағы мүгедектерді қоғамдық жұмыстарға тартудан босатуды, Абзал Құспан тіл заңнамасына жауапты уәкілетті органды бекітуді, Қазыбек Әлішев әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін қарау мерзімдерін қайта қарауды ұсынды. Әкімшілік кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылау Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ жетекшілік ететін жұмыс тобында жалғасатын болады.