Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс Катар және Сингапурмен инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдерді ратификациялады

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар Катар және Сингапур елдерімен инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы үкіметаралық келісімдерді ратификациялады. Екі құжат бойынша Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Нәзира Нұрбаева баяндама жасады. Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге 2022 жылғы 12 қазанда Астанада қол қойылған. Мақсаты – инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау, тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру және уағдаласушы елдердің экономикалық әл-ауқатын жақсарту. – Бірінші келісім бойынша тараптар өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес екінші мемлекеттің инвесторларын ынталандыруға және оларға қолайлы жағдай жасауға міндеттеледі. Инвестициялар басқа Уағдаласушы елдің аумағында әділ және тең режиммен және толық қорғау мен қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі, – деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов. Қазақстан мен Сингапур үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы келісімге 2018 жылдың 21 қарашасында қол қойылды. Ол неғұрлым тығыз екіжақты экономикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, екі мемлекеттің де әл-ауқатын арттыруға бағытталған. – Келісім аясында бірінші тарап екінші елдің инвесторларын өзінің ұлттық заңнамасы мен жалпы экономикалық саясатына сәйкес өз аумағына инвестициялауға ынталандырады және қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ екінші тарап мемлекеті инвесторларының инвестицияларына әділ және тең құқықты режимді, халықаралық құқыққа сәйкес толықтай қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым. Депутат осы мақсаттармен келісімде екі мемлекеттің инвесторлары үшін ұлттық режим мен барынша қолайлы режим айқындалғанын, залалдар үшін өтемақы және аударымдарды жүзеге асыру шарттары, төлем балансын қорғау және суброгация үшін шектеулер белгіленгенін атап өтті. Мәжілісмендер 1999 жылғы 4 маусымда Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданылысын тоқтату туралы хаттаманы да ратификациялады. Әділет министрі Азамат Есқараев ТМД елдерінде келісім қолданылған кезең ішінде КСРО-да іс жүргізу аяқталмаған және қорғау құжатының қолданылу мерзімі бітпеген құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беру туралы бірде-бір өтінішхат берілмегенін баяндады. Құжаттың өзекті болмауын ескере отырып, ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесі оның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Тиісті хаттамаға 2021 жылдың 4 наурызында қол қойылған. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жарқынбек Амантайұлы келісімнің қолданысын тоқтату орынды шара деп санайтынын және ұлттық заңнамалық базадан маңызы жоқ халықаралық шарттарды алып тастауға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері үш жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады: ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер және дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша түзетулер. Жалпы отырыс соңында депутаттар өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға 13 депутаттық сауал жолдады. Олар Мәжілістің ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланды.