Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Депутаттар трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдап, Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттаманы ратификациялады. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. Ол түзетулердің трансферттік баға белгілеуге, елден капиталды шығаруға бақылау шараларын күшейтуге және тиісті заңнаманы жетілдіруге бағытталғанын айтты. – Қолданыстағы «Трансферттік баға белгілеу туралы» заңның қабылданғанына 15 жылдан астам уақыт болды. Осы жылдар ішінде ол жетілдірілмегендіктен Қазақстан бюджеті айтарлықтай шығынға ұшырады. Өйткені бірқатар экспорттаушылар мен импорттаушыларды, сондай-ақ делдалдарды бақылау заңмен дұрыс қамтылмаған. Қажетті түзетулерді енгізетін уақыт келді, – деді Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Әділ Жұбанов. Заң жобасында BEPS 13-қадамы шеңберінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сәйкес үш деңгейлі есептілікке қойылатын талаптарды, сондай-ақ нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдануды жетілдіру ұсынылған. Сонымен қатар мұнай, газ, металл және астық сияқты стратегиялық маңызы бар тауарларды қоса алғанда, шикізат биржаларында жасалған мәмілелердің трансферттік баға белгілеуіне бақылауды қайтару жоспарланып отыр. Елден капиталдың шығарылуына жол бермеу үшін тараптардың өзара байланысын анықтау кеңейтіледі. Жалған баға келісімдерімен байланысты барлық операция тексеруге жатады. Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева бұл нормалар түптеп келгенде бюджет кірісін толықтыруға және елдегі табысты қайта инвестициялауды ынталандыруға қызмет ететінін айтты. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау жұмыс тобының отырыстарында жалғасады. Мәжіліс сондай-ақ 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Бұл заң жобасы бойынша да Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. – 2023 жылғы 25 мамырда мемлекет басшылары Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында 96 айдан 108 айға дейін, яғни 2024 жылдың 12 тамызына дейін ұзарту жөнінде өзгертулер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды. Қазіргі таңда 13 өткізу пункті толығымен жаңғыртылды. Бірақ қырғыз-тәжік шекарасындағы 1 өткізу пункті бойынша жұмыс аяқталмаған, – деді вице-премьер. Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Оның ішінде Акваөсіру туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттама, Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы, ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша түзетулер бар. Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдарға әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелер бойынша 16 депутаттық сауал жолдады. Олар Мәжілістің ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланды.