Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс трансферттік баға белгілеу туралы заңды қабылдады

Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ ЕАЭО туралы шартқа және Өзбекстанмен азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаларды ратификациялады. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі Әділ Жұбановтың айтуынша, трансферттік баға мәселелері бойынша түзетулерге бес тұжырымдамалық бастама енгізіледі. – Біріншіден, нарықтық бағаны анықтау әдістерін қолдану жетілдіріледі. Салық төлеуші үшін де, тексеруші органдар үшін де әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін халықаралық мәміленің сипатына байланысты сол немесе басқа әдісті дәлірек анықтау ұсынылады. Екіншіден, нарықтық диапазонды анықтау механизмі қайта қаралды. Экстремалды мәндерді қоспағанда, оны нақты бағаларға дейін қысқарту қарастырылады, – деді Ә.Жұбанов. Сондай-ақ капиталды шығаруға бақылауды күшейту үшін тараптардың өзара байланысын анықтау кеңейтілді. Елдің тауар биржаларында жасалған мәмілелердің трансферттік баға белгілеуін бақылау қарастырылған. Сонымен қатар есеп беру талаптары өзгереді. Енді бейрезидент өзара байланысты тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыратын барлық салық төлеушіге жүктеледі. – Ұсынылып отырған өзгерістер әділ нарықтық бағаны анықтау арқылы халықаралық іскерлік операцияларда мемлекет кірісін арттыруға бағытталған. Ең бастысы, олар капиталды әкетуге және салықтан жалтаруға жол бермеуді көздейді, – деді Ә. Жұбанов. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді. Бұдан соң Мәжіліс 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжат туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасады. Ол отандық кәсіпкерлер электронды цифрлық қолтаңба арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің электрондық сатып алуларына қатыса алатынын, тауарлардың импорты мен экспортына электронды форматта рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылғанын және басқа да өзгерістер барын айтты. – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Одақтың бірыңғай тізімінде болмаған зиянды организмдерге қатысты шұғыл фитосанитариялық шаралар енгізіледі. Бұл ретте тараптар мұндай шараның енгізілгені туралы қалған елдерді алдын ала хабардар етуі тиіс. Мұндай жағдайларда өзара хабарлау тәртібін Комиссия әзірлеп бекітеді. Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тұтынушылардың құқығын қорғау үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекіту құқығы беріледі. Бұл ретте тұтынушылардың құқықтарын қорғау функциясы ұлттық құзырет болып қала береді, – деді А. Шаққалиев. Сондай-ақ депутаттар 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов құжатта тараптардың азаматтары үшін бірдей негізде уақытша есепке тұрмай, екі ел аумағында 30 күн болу мерзімі белгіленгенін айтты. – Мерзім аяқталғаннан кейін олар уақытша тұруға рұқсат алуға міндетті. Негізгі себептері – жұмыс, емделу, оқу, кәсіппен айналысу. Осылайша, біз көші-қонды бақылаймыз. Одан басқа болу мерзімдерін жаңарту мәселесі шешілмек. Бірақ олар алты ай ішінде 90 тәуліктен аспауы тиіс, – деді Е.Сәденов. Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа қабылдады: күзет қызметі мәселелері бойынша; сатып алу және заңнамалық актілерді нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуі тұрғысынан ревизиялау мәселелері туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер. Бұдан бөлек Мемлекет басшысының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмасын орындау үшін депутаттардың бастамасымен әзірленген әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бар. Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдарға өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 21 депутаттық сауал жолдады. Олар Мәжілістің ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланды.