Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МӘЖІЛІСТЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НОТАРИУСТАР ОДАҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжілісте Қазақстан мен Халықаралық нотариустар одағы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева Халықаралық нотариустар одағының президенті Лайонел Галлиезбен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Лайонел Галлиездің сапары Республикалық нотариустар палатасының 2021 жылдың желтоқсанында Халықаралық нотариустар одағының құрамына кіруімен байланысты. Ұйым президенті жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін еліміздегі әділет органдары мен нотариат арасында өзара іс-қимыл барына көз жеткізу мақсатында келді. Снежанна Имашева өз сөзінде қонақтарға Мәжіліс өкілдері заң жобалары бойынша тұрақты жұмыс топтарының жұмысына, тиісті комитеттің көшпелі отырыстарына және басқа да іс-шараларға қатысатын ҚР Парламенті Мәжілісінің палатамен ынтымақтастығы туралы айтты. – 2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына бірқатар түзету енгізілді. Ол Мәжіліс депутаттарының бастамасымен нотариат саласындағы заңнаманы жетілдіру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық жүйесін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Заңның өзегі нотариустар жұмысындағы цифрлық технологияларға арналған, – деді комитет төрайымы. Өз кезегінде Лайонел Галлиез Қазақстан нотариустарының өзі басқаратын халықаралық ұйымға кіруіне мүмкіндік берген Парламенттің ел заңнамасын жетілдіруге қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ ол одаққа мүше нотариустар қызметінің негізгі қағидаттарын белгілейтін кодексті құру бойынша Халықаралық нотариустар одағының жоспарларымен бөлісті. Снежанна Имашева атап өткендей, қазақстандық нотариустардың құзыреті заңнамалық деңгейде дамып келеді. Ол депутаттық корпус нотариат институтының қоғамдағы рөлін күшейту бойынша жұмысты жалғастыратынын жеткізді. Кездесуге сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Дмитрий Колода мен Үнзила Шапақ, Республикалық нотариустар палатасының төрағасы Әсел Жанәбілова, Франция Нотариаттары Жоғарғы кеңесінің вице-президенті және бас директоры Лоуренс Легуил және Джером Фехренбах қатысты.