Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Орал қаласындағы кездесулер жалғасты

Бүгін 27 мамырда Орал қаласындағы кездесулеріміз жалғасты.
Таңертең "Облыстық көпбейінді аурухана" қызметкерлерімен кездесуімізде Ата заңымызға енгізіліп жатырған өзгерістер мен толықтырулар жөнінде дәрігерлер мен медбикелермен пікір алмасу болды.
Медицина саласы қызметкерлері әйелдердің зейнет жасына шығуды төмендету,шет елге аударылған қаржыны Қазақстанға қайтару сияқты мәселелерді көтерді.Дауыс беруге белсенді қатысуға шақырдық.
Одан кейін Шаған ауданындағы салынып жатырған үйдің құрылыс алаңында "Альтаир" ЖШСі құрылысшыларымен кездестік.Құрылысшылар тұрғын үйге қол жетімділік,жеке үй салуға жер беру,азық-түліктің қымбатшылығы,қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік көріністерін ашық айтты.
Референдумда жаңа Ата заңды қолдап дауыс бере отырып,Жаңа әділетті Қазақстанды құруға шақырдық.
Парламент Мәжілісіндегі AMANAT партиясы фракциясының мүшесі-М.Құлшар.
#ReferendumAMANAT

https://m.facebook.com/story.php?&