Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үгіт-насихат жұмыстары

11 қарашада Республикалық қоғамдық штаб құрамында Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік.

РҚШ мүшесі Т.С.Сапаров,облыстық штаб мүшесі Е.Шамғали бірге кездесуімізді Жалпақтал ауылындағы тұрғындармен жүздесуден бастадық.

Біздің кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырдық.Сайлауға біркісідей қатысуға шақырдық.Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Едекешов Жалпақтал ауданын қайтадан ашу жөніндегі ұсыныс пікірін білдірді.Республикалық штабқа ардагер ұсынысы жеткізілетін болады.

Кездесулеріміз аудан орталығы Казталов ауылында мәдениет үйінде жастармен,ардагерлермен,ұстаздар мен дәрігерлермен жалғасты.Біздің кандидатымыздың өмірбаянымен,сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырдық.

"Аулет" сауда үйінде ауыл тұрғындармен жолығып сайлауға қатысуға шақырдық.

Түс қайта "Казталов-Жәнібек" тас жолын салып жатырған "UNISERV” ЖШСнің жұмысшыларымен кездестік.Атқарып жатырған жұмыстарының маңыздылығын,сайлауалды бағдарламада жол құрылысына баса маңыз бөлінгенін атап көрсеттік.

Ақпәтер ауылындағы музейде болып,Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық.Ел ақсақалы,осы музейдің негізін қалаушы К.Т.Өтеғұлов сайлауда кандидатымызды ауыл халқы біркісідей қолдайтындықтарын жеткізді.

Казталов ауданының елді мекендеріне газ өткізу жалғасуда,жыл аяғында аудан 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылмақшы.Күре жол бойындағы ауылдық округ орталықтарына жол төселіп жатыр.Үш мектеп,дене-шынықтыру кешені құрылыстары жүргізілуде.Ауыл еңбеккерлері Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен танысып,біздің кандидатты біркісідей қолдайтындарын жеткізді.

Ауыл еліміздің бесігі.Ауылдың дамуы еліміздің дамуы.

#Toqaev2022

https://m.facebook.com/story.php?&