Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МӘЖІЛІСТЕ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ АЙТЫЛДЫ

Бүгін Мәжілісте депутаттар өткен жылдың қаңтар айында болған қайғылы оқиғаға қатысты Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдады.

Аталған іс-шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Бұл «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына ауызша жауап болды.

Отырыс Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Негізгі баяндаманы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов жасады.

Жалпы отырыс алдында тергеу барысында табылған қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ көрмеге тәртіпсіздік кезінде полицейлердің бүлінген киімдері – қалқандар, бас киімдер, оқ өткізбейтін кеудешелер қойылды.

Толығырақ: https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id49907/1/1