Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде мен Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамына кіріп, а.ж. 12 мамырда оның бірінші отырысына қатыстым.

Отырыс барысында мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, Елбасының 2019 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берілген тапсырмаларына сәйкес басталған «Ауыл - Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысын талқыладық.

Жобаның негізгі мақсаттары ауылдағы өмір сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу болып табылады.

Жоба шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда неғұрлым қолайлы өмір сүру ортасын құру жөніндегі міндеттер қойылды.

Бұл жоба ерекше маңызға ие, өйткені біздің халқымыздың 41% ауылдарда тұрады.

Қызықты әңгіме болды, қатысушыларға қызықты сұрақтар мен оларға толық жауаптар бергендері үшін алғыс айтамын.

Жазда Алматы облысында сайлаушылармен кездесу аясында осы бағдарламаның іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын тексеру үшін тірек және спутниктік ауылдық елді мекендерге баруды жоспарлап отырмын.