Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесу

Бүгін, 7 шілдеде, Жанна Телпекбаева, Жанарбек Әшімжан, Әлия Әбсеметова мен Мақпал Тәжмағанбетовамен «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері болып, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездестік. Әңгімеміз бір жарым сағатқа созылды. Көп мәселе көтерілді. Ол туралы бөлек жазатын боламын.

Халық игілігі үшін жаңадан салынған Қаратал ықшам ауданы 🏙 мен Қаратал өзенінің жағалауын тамашаладық. Оның шатырлары⛺️ бар сахналық аймағында енді ыстық жазда🌞 барлық іс-шаралар өткізіледі екен.

Сондай-ақ Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттеріне📚 арналған жаңа жатақхананың ғимаратын көрдік.