Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Парламентшілер Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің жұмысымен танысты

Қазақстанның төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) 1992 жылы өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Бүгінде оған 28 ел кіреді. 2022 жылы кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру туралы шешім қабылданды.

– Кеңес Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие және БҰҰ жүйесіне кіретін түрлі ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтады. Сондай – ақ ТүркПА, Араб мемлекеттерінің Лигасы, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты өңірлік құрылымдармен жүйелі қатынастар орнатылды, - деп хабарлады Қайрат Сарыбай.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Кеңес Азиядағы кең ауқымды ынтымақтастық алаңына, сондай-ақ халықаралық дипломатияның тиімді институтына айналғанын атап өтті.

– Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасының негізгі қағидаттарының бірі-Азиядағы қауіпсіздіктің ағымдағы проблемаларын шешу, АӨСШК жұмысын жандандыру, оны қауіпсіздік және даму жөніндегі өңірлік ұйымға айналдыру. Бұл еуразиялық кеңістікте бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін маңызды, - деп атап өтті Айгүл Құспан.

Айгүл Құспан 2024 жылдың тамызында Астанада волонтерлік қозғалыстар көшбасшыларының конференциясы мен кездесуін өткізу жөніндегі бастамаларды қолдайтынын хабарлады. Кездесу соңында депутаттар кеңес қызметі туралы сұрақтар қойып, пікір алмасты. Олар ұйымның бастамаларын парламенттік дипломатия арқылы жүзеге асыруға тырысатындықтарын атап өтті.