Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН МӘЖІЛІСМЕН ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ КЕЛДІ

Қарағанды өңіріндегі ахуалмен танысып, халықпен тілдесу мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков жұмыс сапарымен Нұра ауданына барды. Онда маңызды деген объектілерді аралап, жергілікті халықпен кездесу өткізді. Сапар барысында депутат Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне байланыстытақырыпты көтерді. Сондай-ақ тұрғындар орталыққа жүгінген кезде тап болатын проблемаларды тыңдады. «ХҚКО-ның тиімді жұмыс істеуі маңызды, өйткені бұл халықтың мемлекеттік қызметтерге қанағаттануына әсер етеді және қажетті ақпарат пен көмек алуды жеңілдетеді. Мен халықты қолжетімді мемлекеттік қызметтер мен процедуралар туралы көбірек хабардар ету үшін ақпараттық науқандар мен оқыту бағдарламаларын өткізу идеясын қолдаймын», - деді ол. Депутат орталық аудандық ауруханада болып, әкімшілік және медициналық қызметкерлермен кездесу өткізді. Ол медициналық инфрақұрылымның жай-күйіне, медициналық қызметтердің қолжетімділігіне және денсаулық сақтау саласындағы қазіргі бар мәселелерге тоқталды. Және медициналық мекемелерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге жіті назар аударды. Олжас Құспеков ауданның техникалық лицейінде болып, онда педагогтармен кездесу өткізіп, сайлаушыларды қабылданған заңнамалар мен «Respublica» фракциясының жұмысы туралы хабардар етті. «Сессия басталғаннан бері Парламент жұмысында 82 заң жобасы болды, оның 25-і қабылданды, 13-і күшіне енді. Оның ішінде «Respublica» фракциясының мүшелері 4 заң жобасына бастамашылық жасады, заңдарға 190 - нан астам түзетулер енгізді, Мәжіліс отырыстарында 34 рет сөз сөйледі, Парламентте сөз сөйлеген Мемлекеттік органдардың өкілдеріне 11 сұрақ қойды», - деді депутат. Ауданның өрт сөндіру бөлімі депутаттың назарынан тыс қалған жоқ. Олжас Құспеков өрт сөндірушілермен кездесіп, олардың қызметі үшін ризашылығын білдіріп, өрт қызметінің тиімділігін арттыруға және ТЖ жағдайында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді талқылады. Толығырақ ресми сайтта