Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"РЕСПУБЛИКА" ПАРТИЯСЫНЫҢ МӘЖІЛІСМЕНІ ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен бардым. Көкшетау қаласында қазандыққа барып, ұжымымен тілдестім. Онда тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтердің тарифтері, қызметкерлердің жалақысы сынды мәселелерді талқыладық. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің Ақмола филиалы мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болдым. Бүгінде жолдағы қауіпсіздік тақырыбы өте өзекті болып отыр. Естеріңізде болса депутаттық сауал да жолдағанмын. Сарапшылар жолдағы адам қазасына себептердің бірі емтихансыз жүргізуші куәлігін алу деп көрсетеді. Сондықтан арнайы келіп, орталық басшылығымен мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында қандай шаралар істеліп жатқанымен таныстым. Жергілікті өрт сөндіру мекемесінде болып, ұжыммен кездесіп, қаншалықты қажетті техникамен жабдықталғаны турасында сөйлестік. Динара Шүкіжанова әріптесіммен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы облыстық филиалының өкілдерімен кездестік. Жиында кәсіпкерлікті дамыту және өңірдегі кәсіпкер әйелдерге жағдай жасау мәселелерін талқыладық. Қуантарлығы, өңірде өз идеяларын жүзеге асырып, жұмыс орындарын ашып, экономиканың дамуына үлес қосып жүргендер саны артып келеді. Жалпы алғанда өңірдегі кездесулер жергілікті халықтың мәселелерін жан-жақты зерделеуге, сайлаушыларды толғандырып жүрген мәселелерді білуге септігін тигізеді. Алдағы уақытта көтерілген проблемалар шешімін Үкіметпен бірлесіп іздейтін боламыз.