Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АҚКӨЛ АУДАНЫНА БАРДЫ

Олжас Құспеков жұмыс сапарымен Ақкөл ауданынына барды ҚР Парламенті Мәжілісінің «Respublica» партиясынан сайланған депутаты Олжас Құспеков Ақмола облысына іссапармен барды. Депутат Ақкөл ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, аудан тұрғындарына қызмет көрсететін мекеме ұжымдарымен кездесу өткізді. Олжас Құспеков алдымен аудан әкімі Юрий Курушинмен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Айта кетсек, елордадан 100 шақырым жерде орналасқан ауданның орталығы Ақкөл қаласы, еліміздегі толық цифрландырылған алғашқы қала деп саналады. «Smart Aqkol» жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған. Әкіммен кездесуден кейін Олжас Құспеков агротехникалық колледжде ауыл шаруашылығы саласына кадрлар даярлау мәселесін талқылап, студенттердің білім алуына қаншалықты жағдай жасалғанын бақылады. Оқу аудиторияларынан бөлек, студенттердің жатар орындарымен танысты. Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен Ақкөл орман шаруашылығы да сапар бағдарламасына енді. Депутат қызметкерлермен орман шаруашылығына қатысты мәселелерді талқылап, орман экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат алды. Мұндай кездесулер өңірлердің мәселелерін жан-жақты зерделеуге, сайлаушыларды толғандырып жүрген мәселелерді білуге септігін тигізеді. Алдағы уақытта депутаттар көтерілген проблемалар шешімін Үкіметпен бірлесіп іздейтін болады. Өңірлерге сапарлардың қорытындысы күзде Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарының бірінде шығарылады.