Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПАТРОН ӨНДІРУШІ ЗАУЫТЫНДА

Менің қызметімнің басты бағыттарының бірі отандық өндіріске қолдау көрсетіп, жаңадан заңнамалық қолдау тетіктерін қарастыру. Осындай отандық өндірсітің бірі Қазақстандағы жалғыз Қарағанды облысындағы патрон өндіруші зауыт. Елімізде әскери-өнеркәсіп кешенінің қарқынды дамып жатқанына қарамастан, 2020 жылға дейін қаруға арналған жарақтарды шетелден алдыртып жүрдік. Ал қазір республикамыздың қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсетін, жоғары технологияны дамытуға, елдің экспорттық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік беретін кәсіпорын бізде де бар. Зауыт ашылғаннан кейін бір жылдан соң-ақ экспортқа шығуды бастап кетті. Қазіргі уақытта зауыт тапаншаға арналған оқтарды өндірумен айналысады. Мылтық, пулемет сынды басқа да қаруға, аңшылық пен ату спортына арналған патрондарды шығару жоспарда тұр. Бұл кәсіпорындардың елімізді өз ресурстарымен қамтамасыз етіп, тәуелсіз өндіріске сенімді түрде бағыт алғанын көрсетеді. Осылай еліміздің болашағына үлкен сенім ұялататын кәсіп, өнеркәсіп орындарын көріп, қуанышымды сіздермен бөлісіп отырған жайым бар.