Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
БҮГІН АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ АҚМОЛ АУЫЛЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІМ

Депутаттық іссапармен Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылына барып, аудан әкімі Бахытбек Оспанбекұлымен кездестім. Бұнда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқыладық.

Бүгінгі таңда аталмыш ауылдың түйткілі қоқыс  жайында болатын. Осы кезекте мәселе қайта көтерілді.

Ақмол ауылындағы өзекті мәселелер: қоқыс шығару, желі сапасы, қараусыз иттер, өрт сөндіру және жедел жәрдем техникаларының жетіспеушілігіне келіп тіреліп тұр.

Сондай-ақ, орта білім беретін мектептің ұстаздарымен кездесіп тұрғын үй бағдарламасы мен қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет жайлы сөз қозғалды. Айта кетейін күзде мектептің жөндеу жұмыстары басталып,  жақында аяқталды.