Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫМ

Бірінші кезекте «Тыныс» зауытында болдым. Қазіргі таңда «Тыныс» зауыты Ақмола облысындағы мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындайтын ірі өнеркәсіп орындарының бірі. Кәсіпорын «Ұлттық Ұлан», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін», мемлекеттік қорғаныс ұйымдарын сауыт-сайман, авиациялық техниканың бөлшектері мен тораптарын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ аумақтық қорғаныс қоймасын да аралап, жай-күйіне қызығушылық таныттым. Көкейінде жүрген қызметкерлердің сауалдарына жауабымды бердім.

Жұмыс барысым Қорғаныс академиясында оқытушылармен кездесіп, академиядағы мұражайды аралаумен аяқталды.