Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Astana IT University студенттерімен кездесу

Парламент Кітапханасында Мәжіліс депутаттары Олжас Құспеков пен Айдарбек Қожаназаров студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында депутаттар Мәжілістің рөлі, жүргізіліп жатқан саяси реформалар, заң шығару қызметі және бұрынғы кәсіби тәжірибелері туралы айтты. Студенттерді заң жобаларына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен ең алғашқы шақырылымдағы депутаттардың ережелері туралы сұрақтар қызықтырды. Сонымен қатар, кейбір студент жастардың саяси белсенділігі мен партияға мүшеліктері туралы сұрақтар қойылды. Депутаттар жеке бизнестегі басқарушылық қызметтегі бұрынғы тәжірибелерімен бөлісті. А.Қожаназаров өзгерістерді басқару мен әрбір адамның болып жатқан өзгерістерге бейімді бола білу дағдысын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Қазақ жастарына көбірек көшбасшылық қасиеттерді игерулерін, сонымен бірге осында дәріс тыңдауға келген студенттер арасында болашақ көшбасшылардың отырғанын атап айтып өтті. О.Құспеков білім беру технологиялары саласындағы тәжірибесі туралы және басқа да сәтті жобалар жөнінде ойымен бөлісті. Сонымен бірге депутат бейнесіне байланысты қалыптасқан мифтерді, қызықты фактілермен жойды.