Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
VIII САЙЛАНЫМНЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ

Ағымдағы жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын аша отырып, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалғанын және «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгеніне тоқталды. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлаулары өткенін, Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілгенін баяндады.

Бұған қоса, Президент Парламенттің алдағы жұмысы туралы ойларын ортаға салып, қос Палатаның жұмысына бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтты. Бұрын заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенат қабылдаған болса, қазіргі кезде Мәжіліс заң қабылдау құзыретін алғанын және басқа да артықшылықтарға ие болғанын айтты.

Сөз соңында, мемлекеттің даму жолына депутаттардың үлес қосатынына сенім білдірді.