Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МӘЖІЛІСТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

2023 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенттің сегізінші сессиясы ашылғаннан кейін Мәжілістің бірінші жалпы отырысы өтті.

Бұл Жалпы отырысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жүргізді.

Жаңадан сайланған депутаттар «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін» деп алғаш рет Қазақстан халқына ант берді.

Бұдан басқа, осы отырыста Палата төрағасы мен оның орынбасарлары, комитеттердің құрамы мен төрағалары бекітілді.