Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кеңейтілген тақырыптық отырыс

Біз мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, әскери борышын өтеген әскери қызметшілерге білім беру және басқа да жеңілдіктер тетігін іске асыруды қарастырдық.

Мәселен, 2022 жылдан бастап ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери қызметшілерінің қатарында белгіленген қызмет мерзімін өтеген азаматтарға білім беру бойынша жеңілдіктер беру жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның жаңа мүмкіндіктері қатарында қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін 2 жыл ішінде ҰБТ есепке алынбай ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау, жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіпте жоғары нәтиже көрсеткен тұлғаларды ЖОО-ға ҰБТ-сыз қабылдау сияқты бастамалар бар.

Қазір бұл бастаманы ел бойынша 76 жоғары оқу орны қолдап, олармен білім алуға 100% жеңілдік жасау туралы келісімдер жасалып үлгерді. Бұл оқу орындары 3 мыңға жуық орын бөлген.

Отырыс барысында айтылған ұсыныстар мен бастамалар негізінде жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Жалпы, әскери борышын өтеген жастардың бар мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік саладағы жеңілдіктер санын арттыру қажет.