Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
КЕҢЕЙТІЛГЕН ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫС

Киберқауіпсіздік - маңызды және өте өзекті тақырып, бұл онлайн кеңістіктің күрделене түсуіне және жаңа киберқауіптердің пайда болуына байланысты жыл сайын өзекті болып келеді.

Бүгін біздің комитеттің отырысы осы тақырыпқа арналды. Оған барлық уәкілетті мемлекеттік органдар – Ұлттық қауіпсіздік комитеті, МКҚАЖ, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және басқалары, сондай-ақ осы саланың сарапшылары қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы - «Қазақстанның киберқалқаны». Бұл - IT және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың, электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың, халық пен бизнестің цифрлық сауаттылығын арттырудың, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын айқындаған тұжырымдама.

Кездесуде біз киберқалқанды енгізудің қиындықтары мен мәселелерін, сондай-ақ оларды шешудің ықтимал жолдарын егжей-тегжейлі талқыладық.