Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ

Мәжілістің жалпы отырысында депутатар Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдады.

Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру ЕАЭО-ға мүше елдердің экспорттық-импорттық қатынастарын дамытуға және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар мәжілісмендер Экспорттық-кредиттік агенттіктің және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Қайрат Төребаев «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ базасында Экспорттық-кредиттік агенттікті құру жоспарланып отырғанын айтты.

Агенттік жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам нысанына ие болады. Оған нақты функцияларды бекіту ұсынылады. Мысалы, сақтандыру, қайта сақтандыру, экспорттық операцияларға кепілдік беру және қаржыландыру, сондай-ақ экспорттаушыларды сервистік қолдаудың жекелеген шараларын көрсету.

– Заңды қабылдау экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебеге ие болуына мүмкіндік береді. Қазақстандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырады, экспортқа бағдарланған өндірістерді ұлғайту есебінен жаңа жұмыс орындарын құрады, экспортқа бағдарланған өндірістер аударатын салықтарды көбейту есебінен бюджет қаражатын өсіреді және экспорттық себетті үлкейтеді, – деді қосымша баяндама жасаған Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі Руслан Қожасбаев.  

Толығырақ parlam.kz сайтында.