Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2023 ЖЫЛҒЫ 20 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім мен Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы екі ел азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялады.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер осы жылдың наурыз айында Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойған еді. Қор түркі мемлекеттері құрған алғашқы және негізгі бірлескен қаржы институты болмақ. Оның қызметі Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің экономикалық әлеуетін жұмылдыруға, кәсіпкерлікке, оның ішінде шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жұмыс орындарының өсуі мен ашылуына жәрдемдесуге бағытталады. Бұл заңның қабылдануы Қазақстанға экономикалық дамудың қосымша құралын береді, ал отандық кәсіпкерлер өз бизнесіне қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік алады.

Ал Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасындағы тараптар азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісім көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимылды көздейді. Бұл осындай фактілерді жедел анықтауға және бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ жалпы отырыста депутат Вера Ким Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды. Ол депутаттық өкілеттігін тоқтатқан Ғалымжан Елеуовтің орнына Мәжілістегі «АМАNАТ» фракциясының қатарына қосылды.

Бұдан бөлек мәжілісмендер өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар депутаттық сауал жолдады. Олар Мәжілістің ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланды.