Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысында талқыланды. Қорғаныс министрлігі, Парламентаризм институты, Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері комитет мүшелерін әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы мен өзекті мәселелері, оларды әлеуметтік қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Осы жиынға бастамашы болған Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков атап өткендей, бүгінде әскери қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру қалдық қағидаты бойынша жүзеге асырылуда. Бұған қоса, әскерилер арасында теңгерімсіздік бар – мәселен, шекара қызметінің қызметкерлерінің жалақысы Ұлттық ұландағы немесе басқа күштердегі әріптестерінен жоғары. «Біз әскери қызметкерлердің тиісті әлеуметтік қамсыздандырылмайтынын білеміз, бірақ ол кем дегенде бюджеттік сала қызметкерлері – мұғалімдер, дәрігерлер деңгейінде болуы керек. Мысалы, әскери қызметкерлер бала күтіміне байланысты демалысқа шығуы жиі кездесуде. Олар декреттік демалыста қосымша табыс көздерін іздей бастайды, такси қызметін атқарады, және т.б. Оның басты себебі – жалақының төмендігі. Біздің мақсатымыз – жалақыны теңестіріп, орташа нарықтық деңгейге жеткізу. Дамыған елдердің, сондай-ақ көршілес елдердің тәжірибесін зерделей келе, біз әскери қызметкерлердің табыс деңгейі мен мәртебесін арттыратын орташа көрсеткіштерді алуды жоспарлап отырмыз», - деді О.Құспеков. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсетуде де проблемалар бар. Мәселен, әскерге шақырылғандар мемлекет есебінен стоматологиялық қызмет ала алмайды. Парламентшілер осы және басқа да мәселелерді шешуге ниетті.