Құспеков
Олжас
Хайроллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілісте Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

Жиынға вице-спикер Альберт Рау, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан және комитет мүшелері қатысты. Делегацияны қарсы алған Альберт Рау Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері екіжақты ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған биіктерге жеткенін айтты. Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына он жыл толады, оның аясында да қарым-қатынасты нығайту мақсатымен жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Осы орайда Комитет төрайымы екі ел заң шығарушы органдарының тұрақты байланысы ерекше рөл атқаратынын жеткізді. – Біз үшін қауіпсіздігіміз, егемендігіміз және оны сақтау басты орында. Осы тұрғыда Қытай халқының қолдауы маңызды. Екі ел басшылары ынтымақтастығымызды, жан-жақты стратегиялық әріптестігіміз бен мызғымас достығымызды дамытуға бар күшін салып жатыр. Өз кезегінде Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің өткен жылдың қыркүйек айында пандемия кезіндегі бірінші шет елдік сапарын Қазақстанға жасауы әлемдік қауымдастыққа біздің елдеріміз арасындағы серіктестік пен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті, – деді А.Құспан. Хао Пин Қытай тарапының саяси және экономикалық реформалар негізінде Қазақстанның дамуына риза екенін атап өтті. Атап айтқанда, салық заңнамасына енгізілген өзгерістер, инвестицияларды қорғау шаралары және т.б. – Елдеріміздің заң шығарушы органдары бір-бірімен тәжірибе алмасуы қажет. Соның нәтижесінде мәселелерді шешу және алдын алу, ел егемендігін бекем қорғау жолындағы құқықтық құралдар нығая түседі. Қытай екіжақты мәселелер бойынша өзара қолдауды арттыруға дайын», – деді Қытай делегациясының басшысы Хао Пин. Басқосуда тараптар Қазақстан-Қытай достық қарым-қатынасын дамытуға, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.