Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңғыстаудағы кездесулер

Мәжіліс депутаты ретінде еңбек демалысына шықсақ та ел ішіндегі жағдайлар әркез назарымыздан тыс қалған емес.

Бүгін Ақтау қаласындағы "Nur Otan" партиясының Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратында әріптесім, Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинмен бірге Жаңаөзен қаласындағы сайлаушыларымызбен, яғни қоғамдық кеңес мүшелерімен онлайн форматта кездесу өткіздік.
Негізі, бұл кездесулер офлайн өтуі тиіс еді, жоспар бойынша Жаңаөзен қаласына аяқтай баруымыз керек болған. Алайда, елдегі қалыптасқан эпидахуалдың күрделі болуы себепті біз мәжбүрлі түрде онлайн форматқа көштік.

Жаңаөзендіктер қаладағы біраз мәселені ашық айтты. Мысалы, Үміт Құлжанова азық-түлік саласындағы антисанитария мәселесін көтерді. Маңғыстау наубайханашылар одағының мүшесі Үміт Жаңаөзенде көптеген кәсіпкерлердің нан пісірген кезде тазалыққа мүлде назар аудармайтынын айтты.

Сондай-ақ қаладағы қоқыстың уақтылы тазаланбауы, Рахат 3 және Рахат 4 шағынаудандарына қатынайтын қоғамдық көліктің жетіспеушілігін сөз етті.

Тілектес Аманқосқызы Жаңаөзен қаласынан отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жандарға психологиялық көмек беретін арнайы орталық ашу керек деген ұсыныс айтты. Қалада дін мәселесінің де бар екенін, бұндай отбасыларда ана мен баланың жағдайы қандай екені тым бұлыңғыр екені де сөз болды.

Аталған мәселелердің барлығын мұқият тыңдап, протоколға түсірдік. Алдағы уақытта осы сапардың қорытындысын шығарар кезде барлық мәселелерді тізіп шығып, қайсысы қандай дәрежеде шешілуі керектігін бағалап, соған қарай әрекет ететін боламыз.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1751313475259243&id=100011418235167