Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ӨҢІРДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1883250618732194&id=100011418235167

Әріптесім Еділ Жаңбыршин екеуміз Маңғыстау өңіріндегі iс-сапарымыздың алғашқы күнiн "Каспий" су тұщыту зауытынан бастадық.

Ақтау қаласын сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін, зауыт басшылығы тарапынан алға қойылған барлық жоспарларымен таныстық.
Қаланы сумен қамтамасыз ету - күрделі мәселе болған себепті, бұл зауытқа үлкен міндеттер артылып отыр. Осыған байланысты су тұщыту мөлшерін жоспарға сай, алдағы уақыттарда кезең-кезеңімен ұлғайтып, тәулiгiне 40 мың текше метрге дейін арттыру көзделген.
Биылға республикалық бюджеттен 4.6 млрд.теңге қаржы қарастырылғанын айта кетейік. Бұл қаражатты толық көлемде игеріп, су тұщытудың мөлшерін арттыруға ешқандай кедергілер мен тосқауылдардың жоқ екенін айтты зауыт басшылығы.