Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"ҚАЛАМҚАС" КЕН ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІК

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1889056324818290&id=100011418235167


19 ақпан күні "Қаламқас" кен орынында наразылықпен жұмысқа шықпай тұрған "Бозашы Транс Құрылыс" мекемесінің жұмысшылары Мәжіліс депутаттарымен кездесуді сұрап, кенорынға әріптесім Еділ Жаңбыршин бірге бардық.

Жұмысшылармен кездесу барысында олардың бұрын 5/50 бағдарласымен "ОТК" мекемесінен шығып, "Бозашы Транс Құрылыс" мекемесіне жұмысқа орналасқанын білдік.

Ал, қазіргі қойып отырған негізгі талаптары осы аутсорсинг мекемесін ҚазМұнайГаз құрамына өткізу.
Жұмысшылардың талабын түсініп, арыздарын тыңдаған соң ұсынған шешіміміз мынандай болды: бұл мәселені заң аясында шешу үшін наразы мұнайшылар "ҚазМұнайГаз" компаниясын басшылығымен келіссөз үстеліне отыруы керек.

Біздің осы ұсынысымыздың негізінде бүгін "ҚазМұнайГаз" компаниясы Төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиевтің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесу аясында Хаттама жасақталатын болды. Хаттамаға 5/50 ге шығарудың заңдылығын тексеру үшін сотқа беру және ереуілге шыққан жұмысшылардың қудаламау, олардың жұмыстан босап қалмауына кепілдік беру, жалақыны 20% ға көтеру, әлеуметтік көмек берілуін қамтамасыз ету және компанияның техникалық базасын жаңарту секілді, т.б. мәселелер енгізілетін болды.