Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңғыстау өңіріндегi iс-сапарымыздың 3-шi күнін,Тұпқараған ауданында жалғастырдық.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1884718175252105&id=100011418235167


Маңғыстау өңіріндегi iс-сапарымыздың 3-шi күнін,Тұпқараған ауданында әрі жалғастырдық. Форт-Шевченко қаласындағы "Nur Otan" партиясы бөлімшесінде, алдын-ала қабылдауға жазылған Түпқарағандықтармен кездесіп, 30 дан аса адам қабылдап, өтініш- тiлектерiн тыңдадық. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан жұмыссыздық мәселесі жиі көтерілді.

Жұмыс сұрап келген әр азаматтың мәселесін, аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысымен қатар отырып қарастырдық. Бірде
жұмыс iздеушiнiң тиісті бiлiктiлiк талаптарына сай келмеуі, бірде азаматтардың "айлығы аз" деп жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауы да орын алып жататыны анықталды.

Сондай-ақ жасөспірімдерге арналаған ойын алаңдарының мүшкіл жағдайы, Қызылөзен ауылына спорт кешенін салдыру, ауыз су, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту сынды әр түрлі сұрақтар көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Онымен қоса аудандық Мәслихат депутаттарымен, зиялы қауым және қоғам белсенділерімен кездесіп, Түпқарағандағы жағдайға қатысты сындарлы сұхбат құрдық. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі арандатушылардың, халықтың арасында жаңсақ пікір тудыру қаупі туралы да сөз қозғалды. Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталу үшін, ынтымақ пен ауызбіршіліктiң мән-мағынасының арта түскенін де жасырмадық.

Сонымен бүгін Түпқараған ауданында айтылған әрбір шағым мен көтерілген мәселелердің бірде біреуін назардан тыс қалдырмайтынымызды жеткіземін.