Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңғыстаудағы жұмыс сапарым Жаңаөзен қаласы мен Жетібай ауылында жалғасты


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1886645861726003&id=10001141823516721.02.2022ж.

Жұмыс сапарымыз Жаңаөзен қаласы мен Жетібай ауылында жалғасты. Жұмыссыздық мәселесі Жаңаөзенде де Жетібайда да негізгі тақырып болып тұр.

Бұл бағытта жергілікті билік тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатқанымен, жұмыссыздықты түбегейлі жоюға жеткілiксiз болып отыр.

Жаңаөзен қаласындағы "Мұнайшы" мәдениет сарайында, зейнетақы ануитетi мәселесі бойынша, зейнетақыға тірнектеп жинаған, сақтандыру қорындағы қаржысын қайтара алмай отырған халықпен кездестік. Олар "маңдай термен тапқан қаражаттарымызды" тез арада қайтарсын деп отыр.

Одан кейін жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен «Бұрғылау» ЖШС компаниясының жұмыскерлерiмен кездестік.

Артынша "Жанарыс" тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесуге бардық. Тiгiншiлер жұмысын тоқтатып,бірнеше талап қойып отыр. Атап айтсақ жалақыны 100 пайызға көтеріп, жұмыс мөлшерін арттыру, қаладағы мұнайшылардың арнайы киімдерін тігу тапсырысын басыбайлы "Жанарыс"ЖШС мекемесіне беруді талап етуде.

Барлық тараптар тыңдалып, аталған мәселелер тиісті уәкілетті органдарға жолданатынын айттық. Қала әкімі мен ұжым басшылары жұмыссыздық пен жалақы мәселесіне қатысты алда жасалар қыруар iстер бар екенін жасырмады.

Түс ауа Жетібай ауылына арнайы ат басын бұрып, жиналған көпшілікпен кездесу өткіздік. Жұмыссыздық пен әлеуметтік мәселелер көп қозғалды.

Мәдениет үйінің үлкен залындағы, жалпы жиынан соң, азаматтарды жеке қабылдап арыз шағымдарын тыңдадық.