Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақтау қаласындағы облыстық мәслихат ғимаратында Экология министрлігі өкілі мен Маңғыстау облысындағы балықшылар және осы салаға жауапты басшыларының қатысуымен көшпелі отырыс өтті

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1887530028304253&id=100011418235167

Ақтау қаласындағы облыстық мәслихат ғимаратында Маңғыстау облысындағы балықшылар мен Экология министрлігі өкілі және облыстағы осы салаға жауапты басшының қатысуымен отырыс өтті. Көшпелі отырыс барысында күрделі мәселелер талқыланып, балықшылар министрлік өкілі мен сала басшысына сұрақтарын қойып, қызу пікірталас үстінде екі тарап та ымыраға келетін тұстарды iздедедi.

Атап айтсам: Балық аулау науқанын дер кезінде бастауға тосқауыл болатын бюрократилық кедергілер, балық аулау квотасын сататын делдалдарды жою, қарабалық аулау үшін теңізге шығуға рұқсат құжатын рәсімдеуді, аумақтық органдардың құзыретіне беру, "Балық шаруаларшылығы су айдындарын бекітіп беру" мемлекеттік сатып алу конкурсында "кемелердің болуы" сынды артық біліктілік талаптары туралы, балық аулау барысындағы балық инспекциясының салатын айыппұл көлемі, теңіздегі бекiтiлген участкелерден шығып кету жағдайында, балықшыларға түсіністікпен қарау, "Құтым" балығын қызыл кітаптан алып тастаудың жолдарын қарастыру сынды мәселелер көтерілді.

3 сағатқа созылған отырыста, арызын айтып, мұңын шағып келген облыстағы балықшылардың үнін естіп, мәселелерiнiң шешiлу жолдарын айту басты мақсат болды. Сондай-ақ жалпы балық шаруашылығын, балық популяциясын дамыту да тілге тиек болды.