Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р.. СКЛЯРДЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ "ҚОШҚАР АТА" ҚАЛДЫҚ ҚОЙМАСЫН РЕКУЛЬТИВАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛҒА БЕРГЕН ЖАУАБЫ

Қазақстан Республикасы       

 Парламенті Мәжілісінің

        депутаттарына

          (тізім бойынша)


2021 жылғы 9 қыркүйектегі № ДС-253

Құрметті депутаттар!


                    Сіздердің Маңғыстау облысында «Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау. І кезең» мынаны хабарлаймын. Маңғыстау облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша «Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау». I кезең» жобасы (бұдан әрі – жоба) бойынша жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірленді, ол мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды (2017 жылғы 18 наурыздағы № 15-007/14).

                    Рекультивациялау алаңы 4702 га құрайды, жобаны іске асыру құны 15,5 млрд теңге, оның ішінде 10 %-ы жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылады. Жобада мынадай іс-шаралар көзделген: жергілікті топырақпен жабу арқылы қалдық қоймасының алаңында рекультивациялау жүргізу; технологиялық жолдарды рекультивациялау және салу; құрылыс аймағынан су бұру.

                    Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі (бұдан әрі – облыс әкімдігі) ағымдағы жылғы наурызда «Павлодар өзен порты» АҚ-пен келесім шарт жасатты және ағымдағы жылғы шілдеден бастап жоба бойынша жұмыстар басталды.

                    Жобаны іске асыр үшін 2021 – 2022 жылдарға республикалық бюджеттен 4 млрд теңге, оның ішінде 2021 жылға 1 млрд теңге және 2022 жылға 3 млрд теңге көлемінде қаражат көзделген. 2021 жылға қарастырылған қаражат белгіленген уақытта игерілетін болады. Жобаны жүзеге асыру Маңғыстау облысының 2021 – 2025 жылдарға анрналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында қарастырылған және жобаны бұдан әрі қаржыландыру мәселелері заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

                    Жалпы, жобаны уақытылы және сапалы іске асыру мәселесі Үкіметі мен облыс әкімдігінің бақылауында.

Р. Скляр

Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжіліс депутаттарының

тізімі

С. Мусабаевқа

Е. Жаңбыршинге

Е. Абақановқа

Д. Тұрғановқа