Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ӘЗІРГЕ ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ ЕЛІМІЗДІҢ БАЛЫҚ САЛАСЫНА ТИІСТІ КӨҢІЛ БӨЛМЕЙ КЕЛЕДІ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р..СКЛЯРҒА

2021 жылы 22 қыркүйекте жарияланды Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрдің орынбасары Р. В. Склярға

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!


Еліміздің балық шаруашылығында қордаланып қалған мәселе өте көп. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстанның балық өнеркәсібі әлеуетін дамыту мәселесіне бірнеше рет назар аударды. Қазақстан халқы жан басына шаққанда балықты аз тұтынатын ел болып есептеледі. Мәселен, егер ДДҰ бір адамға жылына кемінде 16 кг балық өнімін тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 кг-нан аз. Өз кезегінде көрші Ресей мен Қытайда бір адам тиісінше 20-40 кг балық етін тұтынады.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Қазақстанда балық аулау көлемі жылына 100 мың тоннаға дейін жеткен. Бүгінде балық аулау 46 мың тонна көлемін әрең еңсереді. Табиғи су қоймаларындағы балық қорларын пайдаланудың өз шегі бар, ал көптеген су айдындарында балық ресурстарының төмендеуі байқалады. Балық өнеркәсібін ұлғайтудың перспективалы бағытының бірі су қоймаларын балық аулаудан балық өсіруге қайта бағдарлау болып табылады.

Әзірге Қазақстан Үкіметі еліміздің балық саласына тиісті көңіл бөлмей келеді! Қазақстанның балық өнеркәсібі бүгінде көршілес Өзбекстаннан артта қалып тұр! Өзбекстанда 2016 жылғы статистика бойынша 75 мың тонна балық өсірілді. Қазақстан бүгінгі күні бар жоғы 6,8 мың тонна балық өсіреді.  2020 жылы Өзбекстан 144 мың тонна балық өсіріп және аулаған, ал біздің елде бұл көрсеткіш 52,7 мың тонна.

Елімізде балық шаруашылығын дамыту осы саладағы мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі жеткіліксіз болуы себебінен тежелуде. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау шаралары тек азыққа, балық питомниктері мен көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарына арналған техника мен жабдықтарға ғана қолданылады, ноу-хау преференциялар, осы саладағы ғылыми әдістемелер дамымаған.

Қолда бар су ресурстарын ескере отырып, Қазақстанда балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға дейін өсіру үшін зор әлеует бар, экспорт көлемін 10 есеге арттыруға болады. Бұл кемінде 50 мың қосымша жұмыс орындарын құруға және әсіресе ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыруға ықпал ететін болады. «Nur Otan» партиясы бұл салаға баса назар аудару керек деп санайды! Ол үшін Үкімет мынадай шаралар қабылдауы керек!

1.Су биологиялық ресурстарды зерделеу, сақтау және молықтыру жөніндегі ғылыми - зерттеу жұмыстарын қолдау шараларын әзірлеу.

2.Тауарлы балық өсіруді қолдау, аквамәдениет пен балық өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың қаржылық қолдау құралдарын (құрал-жабдықтар, құрылысқа жеңілдікті кредиттер және айналым қаражатына, субсидиялар мен преференциялар) көздеу.

3.Судың нақты шығыстарына ғана ақы төлеуді көздей отырып, балық шаруашылығы субъектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақысын қысқарту. Төлем ставкаларын төмендетуді қоса алғанда, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем механизмін жетілдіру.

4.Балық өсіруге кәсіптік оқытудың мемлекеттік жүйесін құру. Адамдарға балық өсірудің заманауи әдістерін үйрету керек.

5.Бекіре балық түрлерінің тауарлық аквамәдениетін қоса алғанда, тауарлы аквамәдениетті (тауарлы балық шаруашылығын), азық өндіру секторын дамытуды ынталандыру.

6.Қайта өңдеуге тапсырылған балық пен уылдырықтың әрбір килограмы үшін (отандық өндірушіден) тауарлық субсидиялар көздеу;

7.Отандық балық өнімдерін экспорттаушыларға жүйелі қолдау құралдары мен преференциялар көздеу;

8.Балық өсіру жүйесіне қатысатын су объектілері мен экожүйелерді қорғау жөніндегі жұмысты күшейту. Табиғат пайдалану ережелеріне сәйкестікке мониторинг және талдау жүргізу.

Нақты шешімдер қабылдауды және қарау нәтижелерін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауды сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«Nur Otan» партиясының фракция мүшелері

Е. Саиров

Е. Бейсенбаев

Е. Жаңбыршин

С. Мусабаев

 Т. Мұхсинова




Оглашен 22 сентября 2021 года                                                                                                                                                                     Заместителю Премьер-Министра

Республики Казахстан

Скляр Р.В.

         Депутатский запрос

Уважаемый Роман Васильевич!


В рыбной промышленности страны накапливаются очень много проблем. Президент Касым - Жомарт Токаев не раз обращал внимание Правительства вопросам развития потенциала рыбной промышленности Казахстана.

Казахстан характеризуется низким потреблением рыбы на душу населения. Так, если ВОЗ рекомендует потреблять не менее 16 кг рыбной продукции в год на душу человека, то в Казахстане эта цифра составляет менее 4 кг. В свою очередь, в соседних России и Китае потребляется 20-40 кг на человека соответственно.

В 70-е годы прошлого столетия объемы добычи рыбы в Казахстане достигали 100 тыс. тонн в год. Сегодня промысел едва превышает 46 тыс. тонн.

Эксплуатация рыбных запасов естественных водоемов имеет свои пределы, при этом во многих водоемах наблюдается снижение рыбных ресурсов.

Одним из перспективного направления наращивания рыбной промышленности является переориентация водоемов с рыболовства на рыбоводство.

Пока Правительство Казахстана не уделяет должного внимания рыбной отрасли страны! Рыбная промышленность Казахстан сегодня уступает соседнему Узбекистану!

Согласно статистике в 2016 году в Узбекистане выращено 75 тыс. тонн рыбы. Сегодня в Казахстане выращивают всего лишь 6,8 тыс. тонн рыбы.

В 2020 году в Узбекистане выращено и выловлено 144 тыс. тонн рыбы, у нас этот показатель составляет всего 52,7 тыс. тонн.

Развитие рыбоводства в стране сдерживается из-за недостаточности эффективных мер государственного регулирования в этой отрасли. На сегодня меры господдержки существуют только на корма, технику и оборудования для рыбопитомников и озерно-товарных рыбоводных хозяйств, не развиты преференции на ноу-нау, научные разработки в этой сфере.

Учитывая имеющиеся водные ресурсы, в Казахстане существует огромный потенциал для роста объемов выращивания рыбы до 600 тыс. тонн, объем экспорта можно увеличить в 10 раз. Это будет способствовать созданию не менее 50 тыс. дополнительных рабочих мест и повышению доходов населения преимущественно в сельской местности.

Партия «Nur Otan» считает, этой сфере следует обратить приоритетное внимание! Для этого Правительству следует принять следующие меры! 1.Разработать меры поддержки научно-исследовательских работ по изучению, сохранению и воспроизводству водных биологических ресурсов.

2.Предусмотреть инструменты финансовой поддержки развития товарного рыбоводства, аквакультуры и переработки рыбной продукции (льготные кредиты, на оборудование, строительство и оборотные средства, субсидии и преференции).

3.Сократить платы субъектами рыбоводства за пользование водными ресурсами, предусмотрев лишь оплату фактических расходов воды. Совершенствовать механизм оплаты за пользование рыбными ресурсами, включая снижение ставок платежей.

4.Создать государственную систему профессионального обучения выращиванию рыбы. Следует обучать людей современным методам рыбоводства.

5.Стимулировать развитие товарной аквакультуры (товарного рыбоводства), включая товарную аквакультуру осетровых видов рыб, развитие кормопроизводственного сектора.

6.Предусмотреть товарные субсидии на каждый килограмм сданной на переработку рыбы и икры (от отечественного производителя).

7.Предусмотреть системные инструменты поддержки и преференции отечественным экспортерам рыбной продукции.

8.Усилить работу по защите водных объектов и экосистем, участвующих в системе рыбоводства. Проводить мониторинг и анализ соответствия правилам природопользования.

Просим принять конкретные меры и сообщить результаты рассмотрения в сроки, указанные в законе.

С уважением,

депутаты Мажилиса Парламента

Республики Казахстан,

члены Фракции партии «Nur Otan»

Е. Саиров

Е. Бейсенбаев

Е. Жанбыршин

С. Мусабаев