Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ә. А. СМАЙЫЛОВҚА

2022 жылғы 29 маусымда жарияланды

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деген болатын: «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр.

Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешумен дәл осы әкімдіктер айналысады. Бірақ, әрдайым осылай болып жатқан жоқ. Жоғары басшылықтың өңірлерде қабылданған шешімдерді түзетуіне, тіпті, кейде солардың орнына шешім қабылдауына тура келеді.

Түрлі деңгейдегі әкімдердің батыл әрі дербес қадам жасауға қабілеті жетпей жатады. Олар орталыққа жалтақтап жұмыс істейді». Цитата соңы.

Бүгінгі күні осы айтылған ескертпелерден қортынды шықты ма? Біздің ойымызша, жергілікті өңірлердегі басқару тәсілдері әлі күнге шейін, сол ескі сүрлеумен келе жатқан сияқты. Өйткені өңірлерде Президент пен Үкімет тапсырмалары өз деңгейінде атқарылмай отыр. 

Оған дәлел, қаңтар айынан бері еліміздің әр түкпірінде наразылық акциялардың көбеюі және әділдік іздеген азаматтарымыздың еліміздің астанасына дейін келіп, өз мәселелерін Парламент пен министрліктердің алдына қоюы.

Көтеріп жүрген мәселелерінің басым көпшілігі жергілікті мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының шешетін сұрақтары.

Мысалы қаржылық алаяқтық, жерге қатысты сұрақтар, экологиялық проблемалар, азаматтардың тұрғын үй мәселесі, тамақ бағасының күннен-күнге өсуі, ауыз сумен қамту, жеке коллекторлардың бассыздығы, төменгі деңгейдегі сот шешімдерінің әділетсіздігі, тиісті инфрақұрылымның жоқтығы және басқалар.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда ең өзекті болып отырған мәселелер – тұрғындарды жұмыспен қамту және ұжымдардағы еңбек даулары, оның ішінде жалақыны көтеру, еңбек қауіпсіздігі және басқа да мәселелерге қатысты акциялар. Бірнеше ай болды мұндай наразылықтар Маңғыстау облысында қызмет атқаратын мекемелерде орын алып отыр. Мұндай жағдай еліміздің басқа да қалалары мен облыстарында ауық-ауық көрініп қалып жүр. Бірақ, әлі күнге шейін жергілікті билік тарапынан жағдайды реттеуге бағытталған нақты шешімдерді көре алмай отырмыз. Бұл сұрақтарды шешіп беріңіздер деп, сайлаушыларымыз қайта-қайта бізге шығуда.

Өткен жылы Президент тапсырмасына сәйкес Маңғыстау мен Атырау облыстарын дамыту үшін арнайы кешенді жоспарлар жасақталды. Қарайған қаржы оны іске асыруға қаралды. Мыңдаған жұмыс орындары ашылады деп, әкімдер есеп берді. Алайда, бұл жоспарлардан да нәтиже көрмей отырмыз. Болашақта Атырау облысынан 40 мыңғы жуық адам жұмыстан босайды деп отыр. Олар қайда жұмысқа тұрады? Маңғыстауда 20 мыңғы жуық адам қазірдің өзінде жұмыссыз. Қайда барсаңда, тұрақты жұмыс орнын сұрап жүрген халық.

Өңірлерде азаматтардың көтерген мәселелері дер кезінде шешілмеуі, елдегі қоғамдық-саяси тұрақсыздыққа әкелетіні айтпаса да түсінікті. Керемет презентациялар мен әдемі бос сөздердің уақыты өтті. Елдің қамын ойлайтын уақыт болған жоқ па? Президент айтқан Әділ Қазақстанның принциптері неге орындалмайды? Облыстардағы өзекті мәселелерді, жергілікті билік барлық тараптармен бірлесіп, заң аясында неге жедел түрде шешпейді?

Үкіметте, бұл процесстерден тыс қалмай және оны жергілікті билікке ысырып тастамай, белсенді түрде шешуге араласуы қажет.

Сондықтан, құрметті Әлихан Асханұлы!

Бірінші. Маңғыстаудағы еңбек дауларын реттеу мақсатында Үкімет тарапынан құрылған комиссия, болып жатқан жағдайларды толық зерттеп, азаматтардың көтеріп отырған сұрақтарын шешу үшін нақты шешімдер қабылдасын.

Екінші. Еліміздегі меншік түріне қарамастан жер қойнауының байлығын өндіруші және оларға қызмет көрсететін сервисік компаниялардың мамандары мен қызметкерлерінің еңбек өтілі, жұмыс жағдайы, разряды және басқа да нормаларға сәйкес жалақыларын бірыңғай тарифтік шкала жасақтау мүмкіндігі қарастырылсын. Әйтпесе бір саланың өзінде жалақыға қатысты диспропорция бар.

Үшінші. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік мекемелер тендерлік құжаттарда жұмыстарды атқаруға жұмсалатын жалақылардың дұрыс мөлшерін нақты көрсетуі керек және сол еңбек ақыларының мердігерлердің тарапынан төленуін қатаң қадағалауға алсын.

Төртінші. Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін барлық жер қойнауын пайдаланушы және ірі компаниялардың импорттық тауарларының тізімін Үкімет толық анықтап, сол тауарларды өзімізде өндіретін нақты жобаларды іске асыруды қолға алсын. Өңірлердегі ірі компаниялардың импорттық тауарларын өндіруді максималды түрде сол өңірдегі орта және шағын бизнес субъектілері арқылы оқшауласын. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмысты Үкімет ай сайын мониторинг жасау керек. Облыс әкімдері жұмысының басты көрсеткіші ретінде импортты алмастыруды бекіткен жөн.

Депутаттық сауалымызға заңнамада көрсетілген уақытта жауап беріңіз!

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері:

Е.Жаңбыршин

С.Мусабаев

С. Нақпаев

Ғ. Әміреев

Е. Абақанов

Д. Тұрғанов

Е. Бейсенбаев

Орынд.: М. Алденеев

Тел.: 74-62-78

Результаты согласования
01.07.2022 09:27:54: Бейсенбаев Е. С. (Комитет по социально-культурному развитию) - - cогласовано без замечаний

01.07.2022 09:35:58: Мусабаев С. Б. (Комитет по экономической реформе и региональному развитию) - - cогласовано без замечаний

01.07.2022 09:47:51: Турганов Д. Н. (Комитет по вопросам экологии и природопользованию) - - cогласовано без замечаний

01.07.2022 10:16:42: Абаканов Е. Н. (Комитет по вопросам экологии и природопользованию) - - cогласовано без замечаний

01.07.2022 10:17:09: Амреев Г. М. (Комитет по экономической реформе и региональному развитию) - - cогласовано без замечаний

01.07.2022 10:18:47: Накпаев С. Ж. (Комитет по вопросам экологии и природопользованию) - - cогласовано без замечаний