Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға

2022 жылғы 12 қазанда жарияланды                               

 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

Р.В. Склярға


Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!


Мемлекет басшысы 2022 жылғы 14 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жол құрылысы саласын реформалау және 1 қыркүйектегі Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту туралы тапсырма берген болатын.

Қазіргі таңда Атырау-Астрахань, Ақтөбе-Қандағаш, Қарағанды-Балхаш, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен, сол сияқты басқа да көптеген жобалар Үкімет және мемлекеттік органдар тарапынан уақытында шешімін таппай, бюрократияға жол беріп жұмсалған қаржылар жерге көміліп, жұмыстар аяқталмауда.

Мердігер компаниялардың айтуынша:

Мердігер компаниялардың уәждерін дүрыс деп есептейміз. Бұл Үкімет айналысатын мәселе.

Сапасыз салынған жолдардың жағдайы біздегі коррупциямен салғырттықтың  және талапсыздықтың салдарынан болып отыр.

2022 жылдың 8 айында республика жолдарында 9 430 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның нәтижесінде 1 480 адам қаза тауып, 12 400 адам жарақат алған. Бұл  көрсеткіш жылдан жылға өсуде.

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны Қарағанды, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында  басқа өңірлермен салыстырғанда өте жоғары.

 Мәселен, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің жалпы ұзындығы 2 787 шақырымды құрайды. Осы жол бойынша  Қызылорда қаласы -  Ақтөбе облысы бағытындағы жүк көліктерінің қарқындылығы жыл сайын орташа есеппен 10%-ға дейін өсіп, тәулігіне 10 мың автокөлікке жетіп отыр. Ағымдағы жылдың 8 айында аталған дәлізде 317 жол-көлік оқиғасынан 147 адам қаза тауып, 560 адам жарақат алған. Қаражат тапшылығынан және аралық жөндеу мерзімдері сақталмағандықтан осындай жағдай орын алып отыр.

Сондай-ақ, Түркістан облысы бағытына қарай 246 жол шақырымы I-ші техникалық санатқа жатқызылған, ал Ақтөбе облысы бағытына қарай 566 жол шақырымы екі жолақты болып бекітіліп, II-ші техникалық санатқа жатқызылған. Бір жол, бір жоба не себептен екі категорияға бөлінгені түсініксіз.  

Ақтөбе бағытындағы жолдың тарлығына орай жол-көлік оқиғасының саны өсіп, адам және материалдық шығындар жылдан жылға артуда.

Ағымдағы жылғы сегіз айының өзінде 48 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 40 адам қаза тауып, 67 адам жарақат алып отыр.

Осының бәрі жол белгілері мен қоршаулардың, жануарларға арналған тосқауылдардың, жол бойындағы камералардың жетіспеушілігі және автомобиль жолдарында көліктік-пайдалану жүктемесін дұрыс ескермей, сәйкес техникалық санатқа жатқызылмауының салдары.

Қазіргі таңда, елімізде автомобиль жолдарының инфрақұрылымын талапқа сәйкестендіру үшін жер үсті және жер асты өткелдері мен көпірлерден бөлек,  1 000 000 км астам жолға жол таңбалары, 25 000 жол белгілері, 13 000-ға жуық сигнал бағаналары, 514 бағдаршам, 5000 км жолға жарықтандыру және т.б. реттеу құралдары қажет.

Осы көрсетілген мәселелерге байланысты:

Нәтижесі туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-бабына сәйкес жолдауыңызды сұраймыз.

Құрметпен  Мәжіліс депутаттары,

 «AMANAT» партиясы

фракциясының мүшелері                                   С. Мусабаев

                                                                               Б. Кесебаева     

                                                                               Е. Жаңбыршин

орынд.: Ф. Баженеева

тел.: 74-64-53