Наумова
Динара
Рустамқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ИНКЛЮЗИВТІ ПАРЛАМЕНТ ҚЫЗМЕТІ

Бүгін Депутат Наумова Д.Р. «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының жұмысына қатысты.

2024 жылғы 29 сәуірде Парламент Мәжілісінде  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім, білім, туризм және спорт министрліктері, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының кезекті отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер талқыланды:

1. «Республикалық бюджеттен мүгедектер үшін қолжетімді инфрақұрылымды құруды қаржыландыру туралы». Осы мәселені шешу жөніндегі ұсыныстарды, оның ішінде жалпы трансферттерді айқындау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып қарау;

 2. «Әр министрлік бойынша «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобынан жауапты депутаттарды бөлу туралы;

3. «БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің 2024 жылғы 4 және 5 наурызда өткен ескертулері негізінде Қазақстан Республикасының инклюзивті саясатының тұжырымдамасы бойынша ұсыныстар туралы».

Image title