Наумова
Динара
Рустамқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

9-21 сәуірде депутат Наумова Д.Р. «Ашық әлем»  кәсіби алмасу бағдарламасы аясында АҚШ-та тағылымдамадан өтті.

2024ж. 9-21 сәуір аралығында депутат Наумова Д.Р. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі делегациясының құрамында «Ашық әлем» бағдарламасы аясында Америка Құрама Штаттарына (Вашингтон, Бирмингем, Монтгомери, Нью-Йорк) барды. Вашингтонда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы мен Сенатының мүшелерімен, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік мәселелері саласындағы жетекші аналитикалық орталықтардың басшылығымен бірқатар мазмұнды кездесулер өтті. Кездесулер барысында депутат Наумова Д.Р. американдық әріптестерін Қазақстанның инклюзивті саясаты, инклюзивті Парламент, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, мүгедектердің мәселелерін шешу, тұрмыстық саладағы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту жөніндегі ұлттық жоспар туралы хабардар етті.  7-12 сәуірде делегация Алабама штатында (Бирмингем және Монтгомери) болды. Алабама штатының Заң шығарушы ассамблеясы Өкілдер палатасының төрағасымен кездесулер өтті.