Наумова
Динара
Рустамқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫНА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

2024 жылғы 3 сәуірде жарияланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б. Дүйсеноваға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Тамара Босымбекқызы!

Қазақстанның әлеуметтік саясатының шеңберінде мүгедектердің қоғамдық өмірге қатысуы үшін тең мүмкіндіктер белсенді түрде насихатталуда. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қабылданған шараларға қарамастан, ең маңызды және ұзақ мерзімді міндеттердің бірі болып қала береді. Өз мүмкіндігімнің шегінде өтініш білдіргендердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсетемін. Дегенмен, бұл мәселені тиімді шешу үшін Үкімет тарапынан белсенді қолдау қажет, талдау жүргізіліп, жағдайды жақсарту үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Ресми деректерге сәйкес, бүгінде Қазақстанда 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, оның 385 мыңы еңбекке жарамды жаста (53%). Бұл ретте олардың үштен бірі, яғни 138,7 мыңы белсенді еңбекпен айналысады (36%).

Мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі көбінесе тиісті білім алудың жеткіліксіздігімен байланысты. Олардың көпшілігі орта білімді, бірақ аз бөлігі ғана жоғары білімді. Мүгедектердің білім деңгейінің төмендігі, сондай-ақ орта және техникалық білім базасындағы дайындықтың тиімсіздігі еңбек нарығына табысты кірігуге елеулі кедергілер туғызады.

Құзырлы мемлекеттік органдар арасында тиімді өзара іс-қимыл жоқ. Бір бөлім ұйымдарды мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға міндеттейтін шаралар қабылдаса, басқа бөлімдер осы санаттағы тұрғындарды оқытуға жеткілікті көңіл бөлмей отыр.

Жұмыс берушілер көбінесе еңбек нарығындағы адамдардың осы санатының тиімділігіне күмән келтіреді және оларды жұмысқа қабылдамайды, бұл мүгедектердің ынтасын төмендетеді және олардың табысты жұмысқа жету қабілетіне сенімсіздігін күшейтеді.

  Жұмыспен қамту процесінде жеткіліксіз қолдау және жұмыс орнында ерекше кедергілердің болуы жағдайды одан әрі қиындатады, бұл көптеген мүгедектердің еңбек нарығында қалуды таңдауына әкеледі.

Оның үстіне мектеп оқушылары үшін мамандық таңдау – күрделі мәселе. Ерекше қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ олардың ата-аналары болашақта қоғамның толыққанды мүшесі бола ала ма, тек мемлекеттік қолдауға ғана емес, сонымен бірге қаржылық тәуелсіз бола ала ма, қоғамға пайдасын тигізе ала ма деген сұрақтар туындайды. .

Кәсіптік бағдар беру мәселелерін өткен жылдың мамыр айында мен көтерген болатынмын, бірақ Үкіметтің менің депутаттық сауалыма оң жауап бергеніне қарамастан, біз министрліктер тарапынан тиімді нәтиже көріп отырған жоқпыз. Бұл мәселені шешу үшін неғұрлым жүйелі және үйлестірілген араласу қажет.

Осылайша, бұл мәселені шешу кешенді тәсілді қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі мен қажеттіліктерін ескере отырып, мынадай ұсыныстарды қарау ұсынылады:

Күштерді бейімделген білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және кәсіптік оқыту деңгейін арттыруға, сондай-ақ мүгедектердің еңбек нарығына интеграциялануын жеңілдету үшін инфрақұрылым мен оқыту әдістерін бейімдеуге бағыттау қажет.

Мемлекеттік органдар арасында тиімді өзара іс-қимылды жолға қоя отырып, мүгедектерге атаулы қолдау көрсету бойынша әртүрлі бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіру маңызды.

Сапалы білімге қол жеткізуде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін мүмкіндігі шектеулі студенттерге мемлекеттік гранттар мен жеңілдіктер беруді кеңейту.

Мүгедектердің құқықтарының кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын бақылаудың тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы депутаттық сауалды қарап, осы мәселелер бойынша Үкіметтің ұстанымын көрсетіп, заңда белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен, «Respublica» партиясы фрациясының депутаттары:  Д.Наумова, А.Қожаназаров, Р.Берденов, О.Құспеков, А.Қошмамбетов,  Н.Тау