Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    20 мамырда депутат Г.Нұрымованың жұмысы Тараз қаласында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен, аймақтағы құрметті азаматтармен кездесуден бастап жалғасты. Олардың әрқайсысы өз уақытында біздің облыстың дамуына үлес қосты және қазір облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Әңгіме Конституцияға ұсынылған түзетулер, қоғамдағы проблемалар және т. б. туралы егжей-тегжейлі болды. Ардагерлер кеңесінің мүшелері кездесуде бірнеше мәселені көтерді:

1. М. Жаңалиев - азаматтардың әл-ауқатын жақсарту керек, жұмыссыздық көп, адамдардың табысы төмен;

2. Б. Күликеев - әлеуметтік желілерде референдумға кедергі жасағысы келетін көптеген арандатушылар бар;

3. Т. Жапаров - тұрғындардың арасында біраз адамдар жұмыссыздар тізіміне тіркеліп жәрдемақы алады, бірақ өздері базарларда жұмыс істейді, табыстары бар. Сондықтан жәрдемақы мәселесін қайта қарау керек;

4. А. Зайнұтдинов - Мойынқұм ауданында орналасқан Мирный ауылына барғаны туралы айтып берді, онда әлі күнге дейін бәрі кеңес заманындағыдай, ұрандар, адамдардың ойлауы және т. б. сияқты.Бұл аймақта сапалы идеологиялық жұмыс қажет;

- зейнетақы жасын төмендету мәселесін шешу керек;

-азаматтың пікірінше, жақында Мәжілісте мақұлданған мүгедектерді қорғау туралы Заң жобасы мүгедек адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, көп нәрсені өзгерткен жоқ

5. А.Жүнісбеков-жастар арасындағы жұмыссыздық туралы айтты, бірақ, сонымен бірге жастар жұмыс күшінің тапшылығы байқалатын құрылыс мамандықтары сияқты мамандықтарға барғысы келмейді.

Барлық сұрақтар мен тілектер одан әрі жұмыс істеу үшін жазылды.

    Келесі екі кездесу облыстық психикалық денсаулық орталығының және 7 қалалық емханасының медициналық ұжымдарымен өтті. Ата Заңына енгізілген түзетулер және саяси реформаларды түсіндіргеннен кейін, алдағы референдум бойынша және денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды.  Кездесуде қатысушылар келесі сұрақтарды көтерді:

1. С. Жетібаев - кіші медперсоналдың, шаруашылық қызметкерлерінің жалақысы төмен.
2.М. Жұманқұлов
- пандемия кезінде қаза тапқан дәрігерлердің отбасыларына қолдау керек, тек Жамбыл облысында 285 дәрігер қайтыс болды;
- денсаулық сақтаудағы барлық реформаларға сәйкес қандай да бір себептермен ЖПД-нің сыртқы бөлігі ғана алынды, ал ең бастысы - АМСК-тің уәде етілген толық қорын ұстау әлі енгізілген жоқ, дегенмен пилоттық жоба жақсы нәтижелер берді,
- жыл сайын қаржыландыру жеткіліксіз, азаяды, тарифтер төмен, шығындарды өтемейді, жұмыс көлемі артып келеді, учаскеге үшінші медбикені қабылдауды ұсынады, бірақ оған ақша бөлінбейді;
- қызметкерлерді медициналық тексеруді өту ушін жұмыстан босатпайды;
- дәрігерлер жетіспеушілігі жағдайында ЖПД дәрігерлеріне 2 жыл резидентура енгізілді, бұл АМСК жұмысын одан әрі күшейтеді;
- ЖПД құзыретін арттыру қажет;
- ТЖ жағдайларында жұмыстың бірыңғай стратегиясын әзірлеу қажет;
- фармацевтика өнеркәсібін жедел дамыту керек;
- дәрігерлердің құқықтық қорғалуы бойынша мәселені шешу қажет (мысалы, Батыста дәрігерді қорлағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылады)
- денсаулық сақтау саласында маңызды реформалар қажет.
    Барлық айтылған мәселелер депутаттық сауалдарда көтеріледі