Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасына бардым. Нысанның су сыйымдылығы 620 млн текше метр. Бүгінде жиналған көлемі 472 млн т/м құрайды. Яғни 80 пайызға толып тұр.

Су қоймасы салынғалы 50 жыл болыпты. Жарты ғасыр бұрынғы нысан құрылысы жаңғыртуда өткен. Шу өзені құятын қойманың тереңдігі 20-60 метр болады. Облыстағы ең терең су сақтағыш. Ал республикада тереңдігі бойынша 4-ші орында тұр.

Тұрғындармен де тілдесіп, кездесу өткіздім. Менімен бірге аудан әкімі орынбасары, "ҚазСуШар"-дың аудандық филиал басшылығы болды. Жаңажол ауылының ақсақалы Батырбек Райымбеков біраз мәселе көтерді. Айтуынша ауылға мәдениет үйі, спорт кешені керек. Ал Ақсу ауылы шекара шебінде орналасқандықтан қаржы қаралмай отырғанын жеткізді. Ақсу мен Далақайнар ауылына Мәдениет үйі қажет.

Ал Шу ауданындағы Ақсу, Сарғау су қоймасы 90%-ға толып тұр. Ұзындығы 850 метр болатын нысан суы 80%-ға толған. Жекенің иелігі болғандықтан жергілікті биліктің қолында қауқар жоқ. Оның үстіне су сақтағыш банкте кепілдікте тұр. Мен бұл қойманы мемлекет меншігіне қайтару қажет деп санаймын. Әрине қоймадан қауіп жоқ дейді, дегенмен де 80% толып тұрған нысан кез-келген уақытта қауіпті болуы мүмкін.

Қордайдағы Қақпатас су қоймасы 100% толып тұр. Әкімшілік, суға жауаптылар қауіп жоқ, 2 текше м/сек су келіп жатыр деді. Алайда аяқасты 40-50 текше метр келе қалса қайтеміз? Табиғаттың тосын мінезінен төнер қауіптің (қар мен жаңбыр суы) алдын алып, әрқашан дайындық деңгейі жоғары болуын ескерттім.