Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Дөңгелек үстел

        2021 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың мәселелері мен перспективалары туралы» дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Т.Кесебаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ.Бүркітбаев, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ә.С.Жамбакин, саланы қадағалаушы облыс әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, «ДАМУ» Ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-нің, Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, сарапшылар, тәжірибелі дәрігерлер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Дөңгелек үстелде ұлттық деңгейдегі бірыңғай Е-Health платформасын құру мәселелері, сондай-ақ дәрігерлердің ақпараттық жүйелердегі жұмысының проблемалық, олар шешілген жағдайда енгізілетін ақпараттың санын азайтуға және дәрігерлердің қателіктерін жоюға мүмкіндік беретін мәселелер талқыланды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Н. Нұрманбетова дөңгелек үстелді аша отырып, елімізде білікті дәрігерлік көмекке халықтың қолжетімділігін кеңейту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын, цифрлық денсаулық сақтау стандарттары әзірленіп, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бірақ бүгінде еліміздің емханаларында медициналық қызмет көрсету жүйелі проблемаларға ие. Олардың ішінде - медициналық қызмет алуды күту ұзақтығы, үлкен кезектер, дәрігерлердің бірнеше ақпараттық жүйелердегі жұмысы, қазақстандықтардың ауру тарихының болмауы. Сонымен қатар, белгілі бір пациенттің айналасында көздерден алынған медициналық ақпаратты біріктіретін ұлттық деңгейде бірыңғай платформа құру жобасы аяқталған жоқ. Өзінің құттықтау сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Т.Кесебаева қазіргі кезде Қазақстанда цифрландыру процесі денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуі керек екендігіне тоқталды, ол үшін келесі мәселелер шешілуі қажет: әртүрлі деңгейдегі медициналық ақпараттық базалар мен жүйелерді интеграциялау; өзара әрекеттесу және саланың тиісті кадрларын даярлау. Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Бүркітбаев қазіргі уақытта eHealth ядросының орталық компонентін әзірлеу жүргізіліп жатқанын, онда фабрикалармен және өнімдермен интеграциялау арқылы Қазақстан азаматтары бойынша барлық негізгі деректер шоғырландырылатынын хабарлады. Баяндамашының айтуынша, eHealth ядросының орталық компонентін іске асыруды 2021 жылдың шілдесінде аяқтау жоспарланған, ал eHealth архитектурасын толық іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жоспарланды. Дөңгелек үстелде «PrimarуHealthcare» ұлттық қауымдастығының президенті Т.К.Рахыпбеков («БМСК-тегі медициналық ақпарат жүйелерінің проблемалары»), «Даму Ақпараттық технологиялар орталығының» бас директоры Н.В.Киль («Датацентрлік тәсілді және ақпаратқа қажеттілік қағидатын пайдалана отырып, денсаулық сақтаудың цифрлық кеңістігін құру»), «Қазақстандық гематолог-дәрігерлері қоғамының» төрайымы И.А.Пивоварова («Деректерді басқару мен цифрландыруды оңтайландыру мәселелері мен жолдары,  дәрігерлердің көзқарасымен»), "Неврология, эпилептология, оңалту" ЖШС директоры, тәжірибелі дәрігер Л.О.Дайырбаева («Цифрландыру денсаулық сақтау процестерінің көрінісі ретінде») сөз сөйледі. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Г.А.Нұрымова өз сөзінде тәжірибеші дәрігердің проблемаларын көтеріп, оларды шешу мүмкіндіктерінің жолдарына тоқталды. Цифрландыру проблемаларына дұрыс көзқарас және бүкіл сала бойынша түсінікті, нақты басқару шешімдерін қабылдау туралы депутат Е.В. Смайлов сөз сөйледі. Отырысты қорытындылай келе, Комитет төрағасы Д. Н.Нұрманбетова денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құруды аяқтау; цифрлық медицина негізінде медициналық қызметтердің қолжетімді және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету; медицина ғылымын одан әрі дамыту, медициналық практикаға жаңа технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілетін ұсыныстар әзірленді.