Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Дөңгелек үстел

    3 маусымда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Ұлттың жаңа болмысын қалыптастырудағы шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі»тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Депутаттардың алдында шығармашылық одақтардың жұмысы туралы Мәдениет және спорт вице - министрі Н.М. Дауешов, қоғамдық одақтар туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. А. Тлепов баяндама жасады. Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, суретшілер, режиссерлер және т.б. шығармашылық зиялы қауым өз мәселелерін ортаға салды. Мемлекеттік органдарға қатысты сұрақтар өте өткір және өзекті болды. Жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, қазақстандықтардың өзін-өзі тануының өсуі сияқты мақсаттарды жүзеге асыру жас ұрпаққа тікелей байланысты, оған көптеген жобалар, соның ішінде "Рухани жаңғыру" бағытталған. Бағдарлама өз нәтижелеріне қол жеткізді ме, оған салынған қаражат пен күштердің толық қайтарымы бар ма? Бүгінгі таңда адамдардың, ең алдымен жастардың сана-сезімінің деңгейі қандай? Осы және басқа да мәселелерді депутаттар, мәдениет және өнер қайраткерлері көтерді.  Қазақстанның жас ғалымдарының атынан сөйлеген "Қыр баласы" қоғамдық қорының директоры Тоқтарбай Елдостың,  ауыл тұрғындары үшін мәдениет ошақтарының қызметіне арналған халық театрлары туралы режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Наймантаев Асқардың жарқын баяндамаларын ерекше атау керек. Шығармашылық және қоғамдық ұйымдардың ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы елеулі рөлі туралы депутат К.Ж. Иса К. сөйледі. Жалпы қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды бұл мәселе алғаш рет дөңгелек үстел шеңберінде талқыланды, оған депутаттар, орталық атқарушы органдар және шығармашылық жұртшылық қатысты. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында қазіргі кезеңде маңызды міндеттердің бірі - ұлттық қатынастарды одан әрі дамыту, жалпы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуді күшейту, жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастыру жөніндегі жүйелі, мақсатты жұмысты қамтамасыз ету болып табылатыны атап өтілген. Осы міндеттерді іске асыруға партияның Жол картасының 100, 103, 104-тармақтары және т.б. арналған. Мысалы, шығармашылық және өнер өкілдерінің, жас ақындар мен жазушылардың, драматургтердің, сценаристер мен публицистердің, сондай-ақ айтыс, мүшайра, жыр-терме, конкурстар, фестивальдар, әдеби оқулар, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар өкілдерінің жетістіктерін ілгерілету. Депутат Г.Нұрымова  өз сұрағын Білім және ғылым министрлігінің өкіліне жолдады. Неліктен кескіндеме өнері білім беру саласында ескерілмейді? Неліктен Қазақстанның көрнекті суретшілерінің шығармаларын насихаттайтын арнайы жинақ шығарылмады?