Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үкіметтік сағат

    8 қарашада Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын реформалау туралы" тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Депутаттар алдында ҚР Ішкі істер министрі Е. З. Тұрғымбаев баяндама жасады. Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі - адам құқықтарын қорғау. Президент Қ.Қ. Тоқаев жариялаған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Үкімет құқық қорғау органдарын жаңғыртуға, азаматтардың құқықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі реформаларды жүргізуде.

    Қазіргі уақытта полиция қызметін жетілдіру жүргізілуде, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ресурстар қайта бөлінуде. Бұл жұмыстың негізі полиция мен қоғам арасындағы серіктестік болды. Құқық қорғау органдарына толық сенім деңгейін көтеру қажет, полиция адамдарға қолжетімді болуы тиіс. Соңғы жылдары мемлекет отбасындағы зорлық-зомбылық проблемасын шешу үшін, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін көптеген маңызды қадамдар жасады. Бірақ, өкінішке орай, тұрмыстық зорлық-зомбылық біздің қоғамда әйелдер үшін елеулі қауіптің көзі ретінде сақталуда. Депутат Г.Нұрымованың Министр Е.З. Тұрғымбаевқа қойған сұрағы да осы тақырыпқа қатысты болды. Статистикаға сәйкес, соңғы 4 жылда осы саладағы құқық бұзушылықтар бірнеше есе өсті (2017 жылғы 446-дан 2020 жылы 1072-ге дейін). Жыл сайын полиция 60 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарады. Көрсетілген төрт жыл ішінде 241 мың адамға қатысты ұйғарым шығарылды, оның ішінде 11 мыңы бірнеше рет алынды. Учаскелік инспекторлардың отбасылық-тұрмыстық саладағы алдын алу және қабылданатын шаралардың тиімділігін жақсарту үшін полицияның сервистік моделіне көшу не берді? Осы бағыттағы реформаның тиімділігі бағаланды ма?