Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    17 наурызда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының тұсау кесері өтті. Оған Парламент депутаттары бастамашы болды, жобаның мақсаты - неғұрлым қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру. Әлеуметтік сала үшін өте маңызды жоба.

Талқылау кезінде депутат Нұрымова Г.А. жақында өңірлерге жасаған жұмыс сапары барысында сайлаушылар көтерген сұрақтарды қойды:

1 мәселе -  мүгедек баланы алып жүретін адамның санаторий-курорттық емдеуге арналған шығыстарына қатысты тамақтану және тұру шығындарын өтеу заң жобасында қарастырылған. Ал көлік шығындарын кім өтейді?

2 мәселе - 12 нозология енгізілген мүгедектігі бар адамдарды сырттай куәландыру жөніндегі пилоттық жобаны енгізу бойынша мәселелермен байланысты. ДАМУ-МЕД ақпараттық жүйесінде ф.031/у ЕХӘҚМ базасына жете алмайды. Емханадағылар, оның жіберілгендігін көреді, ал шын мәнінде ол бір жерде тоқырап қалады. Бұл пилоттық жобаның техникалық жағы шикі, аяқталмаған. Ол үлкен мәселе. Мүгедектігі бар адамдар зардап шегеді, өйткені бір ай ішінде мүгедектік уақытында ресімделмейді және зейнетақы төленбейді.

3 мәселе - облыс үшін жеткіліксіз РРО-дағы квоталар санына байланысты. Квоталарды бөлу қалай жүреді, қандай принцип бойынша?

4 - ортопедиялық аяқ киімнің сапасы. Процестің өзі өте ұзақ, тендерді күтуге көп уақыт кетеді, содан кейін өндіріс жүреді және соңында аяқ қиім - сапасы төмен, тайғақ, қатты, ыңғайсыз және т.б. жеке ерекшеліктерді ескерусіз жасалынады. Мәселені тезірек шешуге болады - дайын, жоғары сапалы аяқ киім сол ортопедияда сатылады, біз сол өндірушіден соманы көбейтіп, ыңғайлы аяқ киім сатып ала алмаймыз ба?

Сонымен қатар, осы бағытқа қатысты сайлаушылардын тілектерін білдірді:

 - Заң жобасы аясында Балаға мүгедектікті ресімдеуді жеңілдету тетігінің мүмкіндігін қарастыру қажет. Мүгедектік алу үлкен проблема. Ол көп уақытты, күш-қуатты алады, ұзақ бюрократиялық процедуралардан тұрады.

- Мүгедектігі бар балалардың аналары үшін зейнетақы жасын төмендету мүмкіндігін қарастыру. 
            Жұмыс барысында бұл мәселелер бақылауда болады.