Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үкіметтік сағат

    Бүгін Үкімет сағаты «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбына арналды. Тақырып тек өзекті ғана емес, өте маңызды. ҰЭМ мәліметінше, республикада 8 миллионға жуық халқы бар 6 293 ауыл бар. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты - ауылдағы өмір сапасын жақсарту. Шын мәнінде не болып жатыр? Мемлекеттік бюджеттің миллиардтық қаражаты қалай жұмсалуда және ауыл тұрғындарының өмірі жақсарды ма? Депутаттардың көптеген сұрақтары, әріптестерімнің сыни сөздері – Мемлекеттік органдардың қызметі қайтадан сапаға емес, санға бағытталып жатқандығын білдіреді. Депутаттардың пікірінше, қаражатты жұмсау кезінде қандай да бір жүйеліліктің болмауы, бюджет ақшасын тиімсіз пайдалану, салынған қаражаттың нақты нәтижесінің болмауы – бағдарламаны іске асыру жөніндегі бүгінгі көрініс. Неліктен, бағдарламаны іске асырып жатқанымызға бірнеше жыл болса да әлі күнге дейін ауылдарда су жоқ, неге электр жарығы жоқ ауылдар бар? Неліктен интернет жоқ? Неліктен кадрлар тұрғын үй мәселесін шешуді күтпей-ақ, ауылдан әлі де қашады? Бұл ауылдың өзекті мәселелерінің бір бөлігі ғана.

    Депутат Г.Нұрымова Ұлттық экономика министрі алдында ауыл кәсіпкерлігі бойынша өзекті мәселені көтерді. Ауыл кәсіпкерлері көптеген проблемаларға тап болады. Ең бастысы -  несие алу. Бүгінгі күні екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлікті, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлікті дамытуды тежеуші болып табылады. Кепілдік мүліктің болмауы, қолда бар мүліктің төмен бағасы немесе оның Банк талаптарына сәйкес келмеуі ауыл кәсіпкері үшін нағыз кедергі болды. Егер олар банктерге басқа мүлік ұсына алмаса, ауыл тұрғындары не істеуі керек? Бұл мәселені шешу үшін не істеліп жатыр?

    Министрдің жауабы, әдеттегідей, бұлыңғыр, нақты емес, депутаттың нақты сұрағына нақты жауап болмады.